25.10.2011, 12:09 3857

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

ҚР Президенті Икімшілігінің келісімімен облыс әкімінің өкімі бойынша Талғат Ибілда аймақ басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған.

Қарағанды. 25-қазан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ҚР Президенті Икімшілігінің келісімімен облыс әкімінің өкімі бойынша Талғат Ибілда аймақ басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған.

Талғат Ибілда Амангелдіұлы 1971 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 1996-2009 жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек еткен: "Ақмола Мұнайгаз сауда" ЖШС директоры, "Құлагер" сауда үйі" ЖШС бас директоры, Қарағандыдағы "Водоканал" АҚ коммерциялық директоры, "Нұр-Астық-2004" ЖШС директоры, "Абылайхан" ЖШС директоры қызметтерін атқарды. 2009-2010 жылдары "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ бас сарапшысы, "Қазатомөнеркәсіп" АҚ корпоративті хатшысы болып істеген.

2010 жылдың сәуір айынан бері мемлекеттік қызметте. Тағайындалғанға дейін Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болып, экономика, бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерімен шұғылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны