23.07.2015, 15:08 3701

Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті Криминалдық полиция басқармасымен Ескіқалалық полиция бөлімініӊ қызметкерлері екі жарым сағаттыӊ шамасында қабірді бүлдірген азаматты құрықтады.

Қазіргі уақытта 20-жастағы ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп -тексеру амалдары жүргізілуде

Астана. 23 Шілде. Kazakhstan Today - Қазіргі уақытта 20-жастағы ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп -тексеру амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

22-ші шілде күні Теміртау қалалық Ішкі істер басқармасы Ескіқалалық полиция бөліміне 42-жастағы Азаматшадан арыз түскен. өз арызында азаматша әпкесініӊ қайтыс болғанына тоғыз күн өткеніне байланысты зират басына барғанда, әпкесініӊ қабірі ашық, мәйіті болмағанын полиция қызметкерлеріне хабарлаған.

Криминалдық полиция бөлімініӊ қызметкерлері аталған ақпараттыӊ негізінде жедел алдын алу іс-шараларын өткізіп, зират басында жұмыс істейтіндердіӊ барлығынан жауап алды.

Шамамен екі жарым сағат өткеннен кейін, аталған іске қатысы бар деген күдікпен 20-жастағы тұрақты мекен жайы жоқ азамат ұсталды. Ұсталған азамат зират басында жұмыс істейтіндермен келіспей қалғандықтан, олардан кек алу мақсатында осындай іске барғандығы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Қазіргі таӊда аталған оқиға бойынша ҚР ҚК -ніӊ 314 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз -қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны