15.06.2015, 11:57 5608

Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасыныӊ қызметкерлері Қарағанды қаласында ақша бопсалаған жалған -полицейлерді құрықтады.

Жедел -іздестіру іс-шаралары барысында Ішкі істер департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасыныӊ қызметкерлері Қарағанды қаласында ақша бопсалаған жалған -полицеймен оныӊ сыбайластарын құрықтады.

Қарағанды. 15 Маусым. Kazakhstan Today - Жедел -іздестіру іс-шаралары барысында Ішкі істер департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасыныӊ қызметкерлері Қарағанды қаласында ақша бопсалаған жалған -полицеймен оныӊ сыбайластарын құрықтады. 29 жастағы бұрын сотты болған Қарағанды қаласыныӊ тұрғыны өзініӊ қылмыстық ойын жүзеге асырып, өзгеніӊ есебінен күн көрмекші болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Азамат өзініӊ сыбайластарыныӊ көмегімен әлеуметтік желілердіӊ бірінен қыз баланыӊ атынан парақша ашып, егде жастағы ер азаматтармен хат алмасып отырған. Қыз баланыӊ атынан хат алмасу кезінде ол әлеуметтік желіде танысқан таныстарына жыныстық қызмет ұсынған. әккі қылмыскердіӊ құрығына Теміртау қаласыныӊ 38-жастағы тұрғыны алданып, әлеуметтік желіде танысқан танысымен қаладағы жалдамалы пәтерлердіӊ біріне кездесуге келген.

Кездесуге онымен бірге сыбайластардыӊ бірі келіп, пәтерге қонақтыӊ келгендігі туралы басқада топтыӊ мүшелеріне хабарланған. Қыз баламен жаӊадан танысқан ер азаматтыӊ пәтеріне өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырған жалған -полицейлер баса көктеп кіріп, 38-жастағы жігітті кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық қатынасқа итермеледі деп айыптаған. Не істерін білмей сасқалақтап қалған азаматқа жалған қызметтік куәлік көрсеткен жалған -полицейлер жалған куәгерлердіӊ қатысуымен жалдамалы пәтерде тінту жұмыстарын жүргізген.

Осыдан кейін барып, жалған -полицейлер 38-жастағы азаматты қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін 60 мыӊ теӊге ақша алып, кейін 5 мыӊ АҚШ долларын беру керектігін айтқан. 38-жастағы азамат Ішкі істер департаментініӊ Өзіндік қауіпсіздік басқармасына арыз жазып, азаматтыӊ арызы бойынша бірқатар жедел -тергеу іс-шаралары өткізілген.

Күдікті азамат полиция қызметкерлерімен оған ақша беру кезінде құрықталды. Қазіргі уақытта күдікті азаматпен оныӊ сыбайластарына қатысты қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп -тексеру амалдары жүргізілуде.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз -қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны