27.07.2015, 12:53 3266

Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасыныӊ қызметкелері Теміртау қаласындағы сауналардыӊ бірінен жеӊіл жүрісті қыздарды клиенттерге ақылы жыныстық қатынасқа түсуге жағдай жасаған 30-жастағы қала тұрғынын құрықтады.

Қарағанды. 27 Шілде. Kazakhstan Today - Облыстық Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел -іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қаласындағы сауналардыӊ бірінде жыныстық қатынасқа арналған ұя (Притон) анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде саунаны жалға алушы жеӊгетаймен 18-жастағы тәнін саудалаған азаматша ұсталды.

Күдікті азамат қамауға алынып, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп -тексеру амалдары жүргізілуде.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз -қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны