13.09.2016, 20:10 3941

Қарағанды облысы Приозерск қаласында 8 жасар баласы мен өзіне жанармай шашып өртеген ер адам ауруханада қайтыс болды

Бала күйіктен оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ бір қабат жоғары тұратын екі көрші иіс тиіп қаза тапқан.

Астана. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қарағанды облысы Приозерск қаласында 8 жасар баласы мен өзіне жанармай шашып өртеген ер адам ауруханада қайтыс болды. Бұл қайғылы оқиғаға отбасыныӊ ажырасуы себеп болуы мүмкін. Бұл туралы ресми БАҚ-тар қала прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Жантүршігерлік оқиға. Ауқатты емес отбасы деуге келмейді. Жұмыстары бар. Ер адам газ толтыру стансасында, әйелі - коммуналдық кәсіпорында бақылаушы болып жұмыс істеген. Үш балалары бар: үлкені 18-де, ол студент, 15 жастағы қызы және қаза тапқан 8 жастағы ұлы. Өз-өзін өртеуіне себеп - қызғаныш болуы ықтимал", - деп хабарлады Приозерск прокуроры Ержан Тұрысбеков.

Оныӊ айтуынша, сотта ажырасу үрдісі басталған. Отырыс 13 қыркүйекке белгіленген. "Алдын ала тыӊдауда сот олардыӊ татуласуын ұсынған", - деп түсіндірді прокурор.

Ол істіӊ мән-жайын тергеу анықтайтынын қосты. "Іс жабылған жоқ. Сот алды тергеу жалғасуда, облыс прокуратурасыныӊ бақылауында", - деп атап өтті ол.

ІІД-ге сілтеме жасап хабарланғандай, Приозерскідегі бұл оқиға 12 қыркүйекте түнде болған. 49 жастағы ер адам, алдын ала деректер бойынша, отбасылық жанжал барысында өзіне және 8 жасар ұлына бензин құйып, жағып жіберген. Осыдан кейін ер адам 4 қабаттан секіріп, өз-өзін өлтірмек болған.

Бала күйіктен оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ бір қабат жоғары тұратын екі көрші иіс тиіп қаза тапқан.

Ер адам Балқаш ауруханасына жеткізілді. ДСБ ақпаратына сәйкес оныӊ денесін 100 пайыз күйік шалған. Ол 13 қыркүйек таӊертеӊ көз жұмды.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы бойынша сот алды тергеу басталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны