14.04.2015, 17:37 12727

Қарағанды облысы Токаревка ауылында су тасқынынан ер адам қаза тапты

Бұқаржырау ауданында су тасқыны жағдайы ушығып тұр. Токаревка ауылында үйлердіӊ 90% еріген қар суы басып кетті, қаза болған адам бар

Қарағанды. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Бұқаржырау ауданында су тасқыны жағдайы ушығып тұр. Токаревка ауылында үйлердіӊ 90% еріген қар суы басып кетті, қаза болған адам бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Токаревка ауылындағы жағдай ушығып тұр. Кеше үйлердіӊ 70% су астында қалса, бүгін су деӊгейі көтеріліп, үйлердіӊ 90% суға батып кетті. Ауыл тұрғындары эвакуацияланды, бір адам қаза тапты", - деді А.Алпысбаев, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, ер адамға көмек ұсынылғанмен ол өз үйінен кеткісі келмеген. 13 сәуірде ол мас болған және су келе бастағанда жүзіп шығуға тырысқан, бірақ шыға алмай қалған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны