12.12.2012, 13:11 3126

Қарағанды облысына 2013 жылы "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы аясында 232 млн. теңге бөлінеді

"Өңірлерді дамыту" бағдарламасы шеңберінде Қарағанды облысына 2012 жылға 39,1 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржы көшелерді жарықтандыру мен көгалдандыруға, қоқыс-қалдықтарды шығаруға, жылыту жүйесін жөндеуге, балалардың ойын алаңдарын ретке келтіруге жұмсалды. Барлығы 27 елді мекенде 33 жоба жүзеге асырылды. 2013 жылы осы бағдарлама бойынша облысқа білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, су, жылу жабдықтау нысандарын жөндеу жұмыстарына 232 млн. теңге бөлінетін болады.

Қарағанды. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысына 2013 жылы "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы аясында 232 млн. теңге бөлінеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы шеңберінде Қарағанды облысына 2012 жылға 39,1 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржы көшелерді жарықтандыру мен көгалдандыруға, қоқыс-қалдықтарды шығаруға, жылыту жүйесін жөндеуге, балалардың ойын алаңдарын ретке келтіруге жұмсалды. Барлығы 27 елді мекенде 33 жоба жүзеге асырылды. 2013 жылы осы бағдарлама бойынша облысқа білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, су, жылу жабдықтау нысандарын жөндеу жұмыстарына 232 млн. теңге бөлінетін болады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, коммуналдық шаруашылық саласында көшелерді көгалдандыру мен жарықтандыру, тұрғын үй қорын сақтау және қоқыстарды шығару, иесіз нысандарды бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын абаттандыру, аулаларды балалардың ойын алаңдарын құру жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Сонымен қатар елді мекендердің ішіндегі жолдарды жөндеу, бағдаршамдар қою, су тоғандарын тазалау және басқа да жұмыстар атқарылатын болады. "Өңірлерді дамыту" бағдарламасында барлығы 190 елді мекен қамтылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны