26.03.2015, 17:41 4273

Қарағанды облысында 100-ден астам үй су астында қалды

Ведомство ақпаратынша, Шет ауданы Ағадыр кентінде екі күндік жауын-шашын салдарынан жыралар толды, құбырлар мен Ағадырь-Ортау-Успен жолдары су астында қалды. 23 көшедегі 101 үйді су басты. "Қазіргі уақытта Ағадыр - Успен жолдары қалыпқа келтіріліп жатыр", - делінген хабарламада

Қарағанды. 26 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында 100-ден астам үй су астында қалды, деп хабарлады аймақтыӊ ТЖД баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ведомство ақпаратынша, Шет ауданы Ағадыр кентінде екі күндік жауын-шашын салдарынан жыралар толды, құбырлар мен Ағадырь-Ортау-Успен жолдары су астында қалды. 23 көшедегі 101 үйді су басты. "Қазіргі уақытта Ағадыр - Успен жолдары қалыпқа келтіріліп жатыр", - делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Ал Қаражал қаласында 3 көп қабатты тұрғын үйді су басты.

Жаӊаарқа ауданы Атасу стансасындағы 33 үй су астында қалу қаупі бар екені хабарланды. "Қауіпті аймақтан 41 адам шығарылды, мал да қауіпсіз жерге көшірілді. Судан арылту жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен.

Қарқаралы ауданыныӊ Матақ, Бүркітті, Қаракөл, Т.Иубәкіров атындағы ауылдарындағы үйлердіӊ су астында қалу қаупі бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны