12.02.2010, 14:26 3189

Қарағанды облысында 207 дәрігерге жалақы қарызы өтелді - прокуратура

Қарағанды облысында 207 дәрігерге жалақы қарызы өтелді - прокуратура

Қарағанды. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысының Ақтоғай аудандық прокуратурасының таныстыруымен 207 дәрігерге жалақы қарызы өтелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақтоғай аудандық прокурорының орынбасары Рахымжан Рахатовқа сілтеме жасап.

Р. Рахатовтың айтуынша, "Ақтоғай аудандық медициналық бірлестігі" ҚККК қызметінде еңбек заңнамасының сақталууын тексеру берысында аудандық прокуратура анықтағандай, кәсіпорынның 207 қызметкерге 2009 жылдың желтоқсан айы үшін жалақы берешегі бар болып шыққан.

"Қызметкерлердің конституциялық құқықтарын қорғау үшін аудандық прокуратура бұл дерек бойынша 2010 жылдың 20 қаңтарында заң бұзушылықты жою туралы таныстыру беріп, оны қарау нәтижесінде 207 дәрігерге тиесілі 6,335 млн теңгенің жалақы қарызы толық өтелді", - деді Р. Рахатов.

Прокуратурадағылардың түсіндіруінше, медицина қызметкерлерінің жалақысы бюджеттен қаржыландырмауға байланысты дер кезінде төленбеген. Оған "Ақтоғай аудандық медициналық бірлестігі" ҚККК басшылығы кінәлі, олар облыстық қаржы басқармасына дер кезінде өтінім бермеген", деп хабарлайды прокуратурадағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны