13.04.2015, 13:58 4183

Қарағанды облысында 35 елді мекенді су басты

"23 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін облыста су тасқыны сипатындағы 97 жағдай тіркелді. Абай, Қарқаралы, Жаӊаарқа, Шет, Бұқар жырау аудандарындағы жағдай барынша күрделі. 35 елді мекен, 1760 үй су басуға бейім болса, 1268 үй су астында қалды", - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД басшысыныӊ орынбасары Мұрат Қатпанов

Қарағанды. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысыныӊ әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков апараттық кеӊес өткізді, онда өӊірдегі су басу жағдайы қаралды. Бұл туралы облыс әкімніӊ баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"23 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін облыста су тасқыны сипатындағы 97 жағдай тіркелді. Абай, Қарқаралы, Жаӊаарқа, Шет, Бұқар жырау аудандарындағы жағдай барынша күрделі. 35 елді мекен, 1760 үй су басуға бейім болса, 1268 үй су астында қалды", - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД басшысыныӊ орынбасары Мұрат Қатпанов, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оныӊ мәліметінше, 6500-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.

340 бас малдыӊ өлім-жітімі тіркелді. Қауіпсіз жерге 25000 бас қара мал жеткізілді.

Құрбандар жоқ екені атап өтіледі.

"Су басқан үйлер мен аула учаскелерінен 13 мыӊ текше метр су айдалды, ұзындығы 4752 метр жер топырақ салынған қаппен бекітілді, 6973 қорғаныс дамбалары орнатылып, зардап шеккендерді орналастыру үшін 59 орын әзірленді. Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға ТЖ комитетінен, облыстардыӊ басқа да бөлімшелерінен 1478 адам, 405 бірлік техника, жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Мәжіліс қорытындысы бойынша Н. Ибдібеков қалалар мен аудандар әкімдеріне елді мекендердегі су тасқыныныӊ салдарын азайтуға, жоюға қолда бар техникалар мне адам ресурстарын жұмылдыруды тапсырды. Бұдан басқа, жедел режімде көшірілген адамдарды орналастыру, оларға ыстық тағам беру, қажетті мүлікпен қамтамасыз ету, су басқан елді мекендер тұрғындарына келтірілген шығынды есептеу жұмыстарын ұйымдастыру шаралары қабылданды.

"Су тасқыны кезеӊі аяқталысымен, бірден халықтыӊ тыныс-тіршілігін қалпына келтіру шараларын қабылдап, жердіӊ құнарлылығын ретке келтіріп, аумақтарды абаттандыру, жолдар мен басқа да инфрақұрылымдарды жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру қажет", - деп атап өтті облыс әкімі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны