17.06.2015, 15:34 3518

Қарағанды облысында 46 жастағы әйел қызын буындырып өлтіріп, артынан өз-өзіне қол салған

"Шет ауданындағы ауылдардыӊ бірінде 1969 жылы туған әйел мен оныӊ 4 жасар қызыныӊ мәйіті табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Материал сотқа дейінгі тергеудіӊ бірыӊғай тізіліміне ҚР ҚК 99 бабы 2 бөлімі бойынша тіркелді. Бірқатар сараптама тағайындалды"

Астана. 17 Маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды облысы Шет ауданындағы үйлердіӊ бірінен 46 жастағы әйел мен оныӊ 4 жасар қызыныӊ мәйіті табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ийел мен баланыӊ денесі Ағадыр елді мекеніндегі жеке үйден табылған. Жергілікті тұрғындардыӊ айтуынша, өмірімен қош айтысқан әйел тұрмыстыӊ тауқыметіне шыдай алмаса керек, төрт жасар қызын асырай алмағанын хатқа да жазып қалдырған. Өмірден түӊілген әйел алдымен қызын буындырып өлтіріп, артынан өз-өзіне қол салған. Қазір оқиғаныӊ мән-жайын полицейлер анықтап жатыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Шет ауданындағы ауылдардыӊ бірінде 1969 жылы туған әйел мен оныӊ 4 жасар қызыныӊ мәйіті табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Материал сотқа дейінгі тергеудіӊ бірыӊғай тізіліміне ҚР ҚК 99 бабы 2 бөлімі бойынша тіркелді. Бірқатар сараптама тағайындалды", - деп хабарлады облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасыныӊ бастығы Бақытжан Құдияров.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны