22.05.2013, 18:57 8972

Қарағанды облысында 815 шетелдік жауапқа тартылды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің облыстық ІІД-ге сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Қарағанды облысында "Заңсыз келуші-2013" жедел алдын алу шаралары барысында Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін 815 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылып, 6 қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды. 22-мамыр. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында 815 шетелдік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің облыстық ІІД-ге сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Қарағанды облысында "Заңсыз келуші-2013" жедел алдын алу шаралары барысында Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін 815 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылып, 6 қылмыстық іс қозғалды.

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше-мемлекеттер аумағында үшінші ел азматтарының заңсыз көшіп-қонуы мен адам саудасына қарсы тұру мақсатында Қазақстан Республикасы ҰҚК мен ІІМ-нің бірлескен бұйрығы негізінде ағымдағы жылдың 13-17 мамыры аралығында "Заңсыз келуші-2013" республикалық жедел алдын алу іс-шаралары (ЖАІ) өтті.

"ЖАІ өткізу барысында 4583 нысан, оның ішінде 3273 пәтер мен жеке үй, 407 саяжай, 387 құрылыс нысаны, 178 ауыл шаруашылық кәсіпорны, 109 базар, 51 жатақхана мен 178 өзге де нысандар тексерілді. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде ЖАІ өткізу барысында Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін 815 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылды", - деп хабарлады полиция қыызметкерлері.

ҚР ИҚК-нің 395-бабына сәйкес, 85 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР ИҚК 396-бабы бойынша 47 заңбұзушлық анықталды, оның ішінде: 29 - шетелдік жұмыс күшін пайдалану ережесін бұзу, 18 - шетел азаматының ҚР аумағында заңсыз жұмыс істеуі.

ЖАІ жүргізу барысында облыстық сот шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасының бірқатар заңдарын бұзғаны үшін 27 шетелдік азамат ел іргесінен шығарылды, оның ішінде 25 адам ҚР "Икімшілік құқықбұзушылықтар туралы" Кодексі бойынша қуылса, 2 адам азаматтық сот өндірісі тәртібіне сәйкес елден шығарылды.

"Шетел азаматтарына қатысты 6 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 3 іс ҚР ҚК 330-бабына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын қаса-қана заңсыз кешіп өту) және тағы 3 іс ҚР ҚК 330-1-бабы бойынша (Елден шығару туралы шешімді орындамау). Сонымен қоса 232 шетел азаматының ҚР аумағында болу мерзімі қысқартылды", - деп хабарлады тексеріс қорытындысын ІІД қызметкерлері.

Сонымен қатар полиция мәліметтеріне сәйкес, облыстық қабылдап-тарату орындарына жеке тұлғасын куәландырушы құжаттары болмаған 34 шетел азаматы қамауға алынған. Тексеріс барысында сонымен қатар іздеуде жүрген 14 қылмыскер ұсталды, олардың 13-і ҚР азаматы, 1 адам - ТМД азаматы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны