18.05.2016, 21:02 3952

Қарағанды облысында атыстан бір адам ажал құшты

Қарағанды облысыныӊ Ақтас ауылында атыстан бір ер адам қаза тапты. Полицияныӊ мәліметі бойынша, бірнеше жігіттіӊ арасында жанжал болған

Қарағанды. 18 мамыр. Kazakhstan Today - Қарағанды облысыныӊ Ақтас ауылында атыстан бір ер адам қаза тапты. Полицияныӊ мәліметі бойынша, бірнеше жігіттіӊ арасында жанжал болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жанжалдыӊ соӊы атысқа ұласқан. Оқиғадан 34 жастағы ер адам жарақат алған. Ол ауруханаға барар жолда көз жұмды. Аталған қылмыстық іске қатысты күдіктілердіӊ бірі ұсталды. Ол қылмысты мойындады. Оқиғаға қатысы бар барлық адамдыӊ жеке басы анықталған. Оларды полицейлер іздестіруде, деп хабарлайды 24.kz.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны