03.03.2015, 17:11 3799

Қарағанды облысында автобус КамАЗ-бен соқтығысып, 6 адам көз жұмды

"Ақшатау ауылынан 15 шақырым жерде "Қарағанды - Балқаш" тасжолында болған жол-көлік оқиғасыныӊ себебі анықталып жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі жетекшісініӊ міндетін атқарушы Батырхан Смайылов

Астана. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында "Қарағанды - Балқаш" тасжолында автобус КамАЗ-бен соқтығысып, 6 адам көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ақшатау ауылынан 15 шақырым жерде "Қарағанды - Балқаш" тасжолында болған жол-көлік оқиғасыныӊ себебі анықталып жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі жетекшісініӊ міндетін атқарушы Батырхан Смайылов, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, жол апаты екінші наурыз күні кешке болған, автобус пен жүк көлігі бетпе-бет соқтығысып, 6 адам қаза тапты, оныӊ ішінде 2013 жылы туған бала бар. Екі жүргізуші де көз жұмған. Дәрігерлердіӊ мәліметінше, 10 адам ауруханаға түскен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны