15.01.2019, 17:57 7019

Қарағанды облысында браконьерлердіӊ қолынан ауыр жарақат алған мемлекеттік инспектор қайтыс болды

Еске салсақ, ол Қарағанды облысыныӊ Нұра ауданында сирек кездесетiн және жоқ болып кету қаупi төнген жабайы тұяқтылар мен ақбөкендерді қорғау бойынша іс-шараларды жүргізу барысында браконьерлердіӊ қолынан ауыр жарақат алған болатын.

Астана. 15 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында браконьерлердіӊ қолынан ауыр жарақат алған мемлекеттік инспектор қайтыс болды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Хабарламада атап көрсетілгендей, "бүгін таӊертеӊ "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиевтіӊ қайтыс болуы туралы хабарлама келіп түсті.

Еске салсақ, ол Қарағанды облысыныӊ Нұра ауданында сирек кездесетiн және жоқ болып кету қаупi төнген жабайы тұяқтылар мен ақбөкендерді қорғау бойынша іс-шараларды жүргізу барысында браконьерлердіӊ қолынан ауыр жарақат алған болатын.

Ол бір тәуліктен астам уақытта Астана қаласындағы №1 аурухананыӊ қарқынды терапия бөлімінде өкпені жасанды желдетумен кома жағдайында болды.

Нұрғалиев Ерлан Балғабекович 1966 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, дене шынықтыру және әскери дайындық оқытушысы. 2012 жылғы наурыздан бастап "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК Қарағанды тірек пунктінде Орталық аймақтық филиалдыӊ инспекторы қызметін атқарды.

Е. Нұрғалиев қазақ даласыныӊ символы ақбөкендерді және көркем табиғатымызды қорғауда өзініӊ қызметтік міндетін адал орындады. Осындай қызмет барысында алған жарақат салдарынан қаза тапты.

Қазақстан Республикасыныӊ Ауыл шаруашылығы министрлігі Ерлан Нұрғалиевтіӊ туған-туыстары мен жақындарыныӊ қайғысына ортақтасып, көӊіл айтады".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны