Система Orphus

Қарағанды облысында дәрігерге Интернет немесе терминалдар арқылы жазылуға болады

30.06.2017, 09:47 3868

Қарағанды. 26 маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ бастығы Ержан Нұрлыбаев Kazakhstan Today агенттігіне берген сұхбатында денсауылық сақтау саласына ақпараттық технологиялардыӊ енгізілуі жайлы әӊгімеледі. Атап айтсақ, өӊір емханаларында дәрігерге Интернет немесе өзін-өзі жазу терминалдары арқылы жазылуға болады.

"Мемлекет басшысыныӊ жолдауында денсаулық сақтау және білім беру салаларына ақпараттық технологияларды енгізу қажеттігі жайлы айтылған. Медицина ұйымында болған кез-келген адам онда ауру тарихы, талдамалар, амбулаториялық карточкалар секілді кейін қалдыққа айналатын қағаз-құжаттардыӊ көптігін жақсы біледі. Дүниежүзі қазір электрондық ақпарат көздерімен жұмыс істейді. 2014 жылдыӊ қараша айынан бері облыста кешенді медициналық ақпараттық жүйені әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылдыӊ қаӊтарынан бері ол біздіӊ емханаларда қолданысқа енгізілген. Олар біртіндеп электрондық амбулаториялық карталарға көшіп жатыр. Яғни, біздіӊ емханаларда құжат айналымы толықтай дерлік электрондық тәсілмен жүргізілуде", - деді Нұрлыбаев.

Оныӊ айтуынша, емханаларда кезектіӊ көптігіне шағым көп айтылады және осы проблеманы шешу үшін бірінші кезекте емделушілер ағынан ретке келтіру қажет.

"Яғни, емделуші өзініӊ белгіленген уақытта келіп, өзіне қажетті ақыл-кеӊес пен зерттеу-тексеру және т.б. алатынын білуге тиіс. Ол үшін емделушілерге қабылдауға бірнеше тәсілмен жазылу мүмкіндігін беру қажет. Ол үшін емханаға келу немесе тіркеу бөліміне телефон соғу үшін телефоннныӊ жанында сағаттап отырудыӊ қажеті жоқ. Ақпараттық технологиялар бізге бұл функцияны емхананыӊ сайты немесе өзін-өзі жазу терминалдары арқылы интернет-ресурстыӊ көмегімен қолжетімді етуге мүмкіндік берді. Біздіӊ облыстыӊ емханаларында 57 терминал орнатылған. Жазылу үшін ЖСН бар жеке куәлік болса жетеді: сізді сәйкестендіру жүргізіледі және сіз өзіӊізге қажетті дәрігерге немесе учаскелік терапевтке бейқам жазыла аласыз", - деп түсіндірді басқарма басшысы.

Оныӊ айтуынша, сондай-ақ, рентгендік тексеру, флюорография және зертханалық тексерулер кезінде де емханаларда электрондық кезек енгізілген. "Емделушілер ағынан реттеуге өте қолайлы. Біздіӊ азаматтар мұны тәртіп көрсеткіші ретінде қабылдауда", - деді басқарма басшысы.

Ақпараттық технологияларды енгізетін тағы бір бағыт - ауру тарихын электрондық түрде жүргізіп отыру. Бұл өӊір емханаларында қолданылады, ендігі кезек - стационарда. "Ағымдағы жылы біз ауру тарихын электрондық түрде жүргізіп отыруды облыстағы стационарларға енгізу жобасын жүзеге асыра бастадық. Қазір үш ұйым пилоттық үлгіде жұмыс істеп жатыр, қолданысқа енгізу сәтті жүзеге асырылуда. 1 шілдеден бастап бұл үш ұйым электрондық құжат айналымына толықтай көшуге тиіс. Егер тәжірибе сәтті болса, шын мәнісінде сәтті болып та жатыр, онда облыстағы барлық стационарлар 1 қарашадан бастап электрондық құжат айналымына көшеді. Осылайша, емханалар мен стационарлар ақпараттық жүйеде жұмыс істеп, бүкіл облыс бірыӊғай ақпараттық кеӊістікке көшетін болады деген сөз. Бұрын емделуші стационарға түскен кезде емделушіден немесе оныӊ туыстарынан емханадан картасын әкелуді сұрайтын. Қазір бұл қажет болмайды, стационар дәрігерлері ақпараттық жүйе арқылы кіріп, амбулаториялық картаны толығымен қарай алады", - деді Нұрлыбаев.

Бұған қоса облыста "Бірыӊғай диспетчерлік қызмет" жобасы жүзеге асырылуда, оныӊ шеӊберінде жедел жәрдем көліктерініӊ барлығы GPS-навигациямен жабдықталуда. "Қоӊыраулардыӊ барлығы облыстағы бірыӊғай диспетчерлік қызметке келіп түседі, ол облыстық жедел жәрдем станциясында орналасқан. Диспетчерлер бұл қоӊырауларды қайдан келіп түскеніне қарай бөледі және қай жерден қандай машина шақыруға кеткенін бірден көріп отырады, автоматты түрде еӊ қысқа жол анықталады. Біздіӊ диспетчерлер машинаныӊ есептелген уақытта барынша жылдам келуін қадағалайды және емделушіге қандай көмек көрсетілгенін көріп отырады. Емделуші туралы ақпараттыӊ барлығы, атап айтқанда, ол ауруханаға жатқызылды ма, үйінде қалды ма, учаскелік дәрігер шақырылды ма дегендей ақпараттыӊ барлығы осы жүйеге енгізіледі. Барлық ақпарат жүйеленіп, талданып, мамандарымыздыӊ жұмысына тәулік бойы бақылау жасалынады. Кейде біз жедел жәрдем көліктері мақсатына қарай қолданылмайтыны туралы сын естиміз. Бұл ретте кузовында қызыл кресті бар басқа көлікті қате түрде жедел жәрдем көлігі деп тану оқиғалары болған. Бұл бағдарлама жүзеге асырылғанда мұндай оқиғаларға жол берілмейді, өйткені біз көліктердіӊ қайда жүргенін тұрақты көріп отарытын боламыз", - деді басқарма басшысы.

Оныӊ айтуынша, нәтижесі көрініп те жатыр. Атап айтқанда, жұмыстыӊ жаӊа түріне көшкен кейбір аудандарда жанармай біршама үнемделгені байқалып отыр. Міндетті емес жүрістер тоқтатылып, шақыруға келу жылдамдығы артты.

Қарағанды облысында ақпараттық технологиялардыӊ енгізілуін жүкті әйелдер де бағалады. "Өткен жылы мынадай опция пайда болды: біз жүкті әйелдердіӊ смартфондарына мобильдік қосымша жүктеп бердік. Қосымша әйелге дәрігердіӊ қабылдауына келу кестесінен жаӊылмауға жәрдемдеседі. Сондай-ақ, ол қосымша арқылы дәрігермен тілдесуге, шағымдануға немесе сұрақ қойып, жауап алуға көмектеседі. Оған біз вакцина егудіӊ қажеті қандай, қалай тамақтану керек, перзентханаға не алып бару керектігі секілді білімдік сипаттағы ақпараттарды да ұдайы жүктеп отырамыз. Еӊ бастысы, онда шұғыл жағдай болғанда пайдаланылатын SOS батырмасы бар. Дабыл берден емдеуші акушер-гинекологқа жіберіледі. Егер мұндай оқиға түнде немесе демалыс күндері болса, онда қоӊырау бірден Жедел жәрдем станциясына келіп түседі және оған дәрігерлер басым тәртіппен қызмет көрсетеді", - деді Нұрлыбаев.

Осы орайда, оныӊ нақтылауынша, жүкті әйелдердіӊ арасында қосымша барынша танымал бола түскен. Облыста бір сәтте шамамен 8,5 мыӊдай жүкті әйел бақылауда болады, олардыӊ 70-80%-ы осы мобильдік қосымшаны пайдаланады.

"Бұл жобаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген. Бұған дейін мұндай жоба республика бойынша жалғыз болған және қазір ол басқа облыстарда жүзеге асырыла бастады. Ийел босанғаннан кейін бағдарламаны ана мен бала үшін бір жылға дейін ұзартуға болатынын айта кетейін", - деді мекеме басшысы.

Тағы бір қызықты жоба - дәрігерлерге арналған ақпараттық -консультативтік сайт, оны ағымдағы жылдыӊ жазында іске қосу көзделіп отыр. Порталдыӊ жұмысы бірінші кезекте шалғай аудандардыӊ мамандарыныӊ жұмысына көмектеседі деп күтілуде, бірақ оны өӊірдіӊ дәрігерлері толық пайдалана алады.

"Айталық, дәрігер күрделі жағдаймен келген емделушіге тап болды және диагноз қоя алмады делік. Ондай жағдайда дәрігер әріптесініӊ көмегіне жүгіне алады. Ол емделушініӊ ауру тарихындағы жазбаларды толық теріп шығып, осы сайтқа кіреді, онда облыс мекемелеріндегі жетекші кеӊес беруші мамандар туралы ақпарат орналастырылады. Бұдан әрі дәрігер емделушініӊ жазбасын қажетті маманға жібереді, ал ол өз кезегінде танысып шығып, бұдан былайғы диагностикалық алгоритмді анықтайды. Яғни, дәрігер өз әріптестерініӊ және олардыӊ мүмкіндіктерініӊ көмегімен нақты алгоритмді анықтап, беталды тексерулердіӊ орнына қажетті тексерулерді белгілейді, сол арқылы диагностикалық үдерісті біршама жылдамдатады. Бұл өнім дәрігерлеріміздіӊ арасында танымал болып, медициналық қызметтердіӊ сапасы анағұрлым артады деп ойлаймын", - деді Нұрлыбаев.

Басқарма бастығы сондай-ақ кардиоорталықтыӊ жанынан ашылған ахуалдық орталықтыӊ жұмыс нәтижесі туралы да айтып берді. "Орталық өте танымал, жұмыстар жақсы жүргізіліп жатыр. Қазір біз облыстыӊ 15 ұйымында ЭКГ-аппараттар орнаттық, оларды ахуалдық орталыққа қостық. Интернет байланыс арқылы ЭКГ жасалып, бірден әріптестерімізге жіберіледі. Олар расшифровкасын жасап, нәтижесін өз нұсқауларымен қоса жолдайды. Қазіргі жағдаймен, өзектілігі мен сұранысты ескере отырып, осындай ЭКГ-аппараттар саны шамамен екі есе артты. Абай, Ұлытау аудандары толықтай қамтамасыз етілді, біз бұл жұмысты одан әрі жалғастыра береміз. Осындай ахуалдық орталықты облыстық медициналық орталықта инсульт орталығыныӊ негізінде ашқалы отырмыз. Орталық мамандары қолда бар ақпараттық жүйелердіӊ көмегімен мидыӊ қан айналысы бұзылу оқиғасына душар болған әрбір емделушініӊ тағдырын жедел жәрдемнен бастап ауруханаға дейін қадағалап отырады. Дәл осындай ахуалдық орталықты облыстық туберкулезге қарсы диспансер мен облыстық онкологиялық диспансерде де ашу жоспарланып отыр. Яғни, облыстағы профильдік ұйымдар ұйымдастыру-әдістемелік көмек қолын созатын болады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны