26.01.2010, 16:06 3028

Қарағанды облысында "Дарьял-У" радиолокациялық станциясының құлаған ғимаратында үйіндінің астына қалған адамдарды іздестіру жұмыстары осымен төртінші күн жалғасуда

Қарағанды облысында "Дарьял-У" радиолокациялық станциясының құлаған ғимаратында үйіндінің астына қалған адамдарды іздестіру жұмыстары осымен төртінші күн жалғасуда

Қарағанды. 26 қаңтар. Kazakhstan Today - Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы Балхаш-9 атты бұрынғы әскери қалашықта бұрынғы "Дарьял-У" радиолокациялық станциясының құлаған ғимаратында үйіндінің астына қалған адамдарды іздестіру жұмыстары осымен төртінші күн жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 22 қаңтарда "Дарьял-У" радиолокациялық станциясының құрылғылары мен қондырғыларын бұзу жұмыстары кезінде ғимарат қирады. Соның салдарынан 40 жастағы жігіт оқиға орнында жан тапсырып, 35 жастағы жігіт ауруханаға жатқызылды. Алдын-ала жорамал бойынша, үйінді астында тағы да үш адам қалып отыр, деп хабарлайды ТЖМ.

Зардап шеккендер әзірге табылған жоқ. Оқиға орнында құтқарушылар, төтенше жағдайлар жөніндегі мекемелер, әскери бөлімше, әкімдік, жергілікті кәсіпорындардың өкілдері мен жергілікті тұрғындар іздестіру жұмыстарымен айналысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны