08.05.2018, 21:40 4082

Қарағанды облысында дәстүрлі "Терісаққан көктемі" фестивалі өтуде

Қарағанды облысы Ұлытау ауылындағы "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайында дәстүрлі "Терісаққан көктемі" фестивалі аясында "Мәдениеттіӊ материалдық емес формаларыныӊ өзектілігін арттыру және сақтауда мұражайлардыӊ алар рөлі" атты семинар өтеді. Сонымен қатар, осы күндері Ұлытауда "Көкмайса" фестивалі өткізіледі.

Алматы. 8 мамыр. Kazakhstan Today - 2018 жылғы мамырдыӊ 5-9 аралығында Қарағанды облысы Ұлытау ауылындағы "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайында (Бұлқышев көшесі, 14) дәстүрлі "Терісаққан көктемі" фестивалі аясында "Мәдениеттіӊ материалдық емес формаларыныӊ өзектілігін арттыру және сақтауда мұражайлардыӊ алар рөлі" атты семинар өтеді.

Семинар ҚР Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ бастамасы бойынша қабылданған "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылуда және Өзбекстанныӊ Қазақстандағы жылына арналған.

Сонымен қатар, семинар Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР ИСЕСКО және ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитеттіӊ эгидасымен өткелі отыр.

Семинарда Қазақстандағы материалдық емес мәдени мұраны түгендеу және сақтау саласында қорық-мұражайлар жұмысыныӊ өзектілігін арттыруға қатысты бірнеше мәселелерді талқылау жоспарланып отыр. Оған Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Қазақстанныӊ материалдық емес мәдени мұра бойынша ЮНЕСКОныӊ сертификаттары бар сарапшы-фасилитаторлары қатысады.

Семинардыӊ басты мақсаты: ғылыми және методикалық сауалдарды, материалдық емес мәдениетті насихаттау, дамыту, сақтау саласындағы практикалық жетістіктер мен осы процестегі қорық-мұражайлардыӊ рөлін талқылау. Семинар ұйымдастырушыларыныӊ алдына қойып отырған міндеттер:

- материалдық емес мәдени мұрамен жұмыс саласындағы халықаралық тәжірибе және мәдениеттіӊ материалдық емес формаларыныӊ өзектілігін арттыру және сақтауда қорық-мұражайлардыӊ рөлін зерттеу;

- материалдық емес мәдениет саласындағы зерттеулермен айналысатын теоретиктер мен практиктерді анықтау және тарту;

- тәжірибе алмасу, ынтымақтастық үшін жаӊа байланыстарды орнату, материалдық емес мәдениетті сақтау саласындағы оӊ нәтижелерді тарату;

- мұражай жұмысы аясында материалдық емес мұраны анықтау және тіркеуді дамыту жолдарын анықтау.

Сонымен қатар, осы күндері Ұлытауда "Көкмайса" фестивалі өткізіледі. Бұл этнофестиваль соӊғы бес жылда Терісаққан ауылында 2015 жылы Қазақстанныӊ материалдық емес мәдени мұрасы Ұлттық тізіміне енгізілген "бие байлау", "айғыр қосу" және "қымыз мұрындық" дәстүрлері негізінде өткізіліп жүрген "Терісаққан көктемі" фестивалініӊ жалғасы болып табылады. 2017 жылдыӊ науырызында ЮНЕСКО-да Қазақстан Республикасы атынан осы дәстүрлерді адамзаттыӊ мәдени емес мұрасы Репрезентативтік тізіміне енгізу үшін арнайы номинация енгізілген болатын. Бұл тізімге олар 2018 жылы "Қазақ жылқышыларыныӊ дәстүрлі көктемгі дәстүрлері" деген атпен енеді.

Бұл фестивальдіӊ айырмашылығы оны ұйымдастыруға және өткізуге "Nomad Explorer" саяхатшылар қауымдастығы атсалысуда. Этнофестиваль аясында оған қатысушылар Едіге тауына көтеріліп, Алтыншоқы және Хан орда ескерткіштерін көреді әрі балықшылар жарысын қызықтайды. Бұдан бөлек, Қорғасын селосындағы ағылшын шахталарына барып, Кейкі батыр үӊгірін көреді, атжарысын тамашалайды. Атжарысы ауыл тұрғындардыӊ бастамасы әрі өз қаражыларына биыл 9 рет өткізілгелі отыр.Оған көрші Қостанай облысыныӊ және Ұлытау селолық округтердіӊ шабандоздары қатыспақшы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны