14.04.2015, 17:39 4383

Қарағанды облысында екі бала суға батып кетті

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданыныӊ Қызыларай ауылында екі жас бала суға батып кетті, деп хабарлады өӊірдіӊ ІІД баспасөз қызметінен

Қарағанды. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданыныӊ Қызыларай ауылында екі жас бала суға батып кетті, деп хабарлады өӊірдіӊ ІІД баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"9 сәуірде Ақтоғай ауданы Қызыларай ауылында бес және алты жастағы екі бала хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен. Аудан полициясына балалардыӊ жоғалғаны туралы факті ата-аналарыныӊ өтініштерімен тіркелді. Оларды іздестіру шаралары қабылданды. 10 сәуірде алты жасар ер баланыӊ мүрдесі табылды, денесінде күштеп өлтіру белгілері болған жоқ. Екінші баланыӊ денесі 12 сәуірде табылды", - делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Жазатайым оқиғаныӊ су тасқына байланысы жоқ екендігі атап өтіледі.

"Сот алды тексеру барысында екі бала өзен маӊында ойнап жүріп, суға батып кеткені анықталды", - деп түсіндірді облыстыӊ ІІД баспасөз қызметінен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны