25.08.2017, 14:54 5501

Қарағанды облысында екі медициналық ұйым сатылымға шығарылады

Таӊдау Қарағандыныӊ № 2 және Теміртаудыӊ № 2 емханаларына түсті. Емдеу орындары бес жыл мерзім ішінде сатып алу құқығымен сенімді басқаруға тапсырылады. Алғашқы сатылым 29- шы тамызға белгіленді,- деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Қарағанды. 25 тамыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында екі медициналық ұйым бәсекелестік ортаға берілетін нысандар тізіміне енгізілді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Таӊдау Қарағандыныӊ № 2 және Теміртаудыӊ № 2 емханаларына түсті. Емдеу орындары бес жыл мерзім ішінде сатып алу құқығымен сенімді басқаруға тапсырылады. Алғашқы сатылым 29- шы тамызға белгіленді,- деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау ұйымдары бойынша кәсіпкерлер қажет пе деген мәселе сонда белгілі болмақ. Пишахтинскі мен Қарағандыда орналасқан емханалардыӊ бастапқы бағасы - 911,8 млн теӊге.Теміртаудағы емхананыӊ құны жоғарырақ - 1,3 млрд теӊге. Активтердіӊ бағасын тәуелсіз мамандар белгіледі.

Сатып алушылардыӊ алдына шарт қойылып отыр. Басты талап- медұйымныӊ негізгі бағыты мен жұмыс орындарын сақтау, тұрғындарға кепілдік көлеміндегі тегін медициналық көмек көрсету. Сонымен бірге, инвестор күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, материалдық-техникалық жабдықтауға қаржы салуы қажет.

"Таӊдау неге бұл екі мекемеге түсті, шешім қалай қабылданды" деген сұраққа облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы Ержан Нұрлыбаев жауап берді.

- Сіздер Елбасыныӊ жеке кәсіпкерлікке, оныӊ ішінде денсаулық саласындағы бизнеске де жағдай туғызу туралы тапсырмасын білесіздер. Осыған орай, біздіӊ медициналық ұйымдарды да бәсекелестік ортаға беру жөнінде дайындық шараларын өткізудіӊ қажеттігі туралы шешім қабылдадық. Бұл әбден ойластырылған шара. Неге біз осы емхананы таӊдадық? Өйткені, бұлар жабдықтарды жаӊартуға, жөндеу жұмыстарына инвестиция тартуға мұқтаж. Материалдық-техникалық жабдықтар мен қызметкерлердіӊ мамандығын көтеруге де қаржы қажет. Басқарушы компания қаржы атқарылымы мен басқа да міндеттемелерден тыс, өз клиенттерініӊ денсаулық сапасыныӊ көрсеткішін қамтамасыз етуі керек. Бұл емханалардыӊ әрқайсысы 60 мыӊнан аса адамға қызмет көрсетіп келеді.

- Кез-келген уақытта біздіӊ басқарманыӊ өкілдері, немесе мемлекеттік актив және сатып алу басқармасы мекемеге келіп, мемлекет мүлкі қаншалықты тиімді пайдаланып жатқанын көруге құқы бар. Денсаулық сақтау басқармасы тұрақты түрде бекітілген тұғындардыӊ денсаулық сапасы бойынша көрсеткіштерін бақылау жүргізіп отырады,-деді Ержан Нұрлыбаев.

- Бұл ұйымдар сенімді қолға өтуі үшін біз сенімділік басқарма түрінде аралақ кезеӊ жолын таӊдадық. Сатып алушы компания алдымен өзініӊ қабілеттілігін көрсетуі қажет.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны