17.04.2017, 18:12 4620

Қарағанды облысында ЭКСПО көрмесіне орай сафари-парктіӊ аналогы жасалмақ

Қарағанды облысында табиғи ортада дала жануарларын көруге болатын парк ашылмақ. "Бұйратау" ұлттық паркінде тиісті аумақ абаттандырылып жатыр.

Қарағанды. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында табиғи ортада дала жануарларын көруге болатын парк ашылмақ. "Бұйратау" ұлттық паркінде тиісті аумақ абаттандырылып жатыр.

- Біз әлемдік қорықшылардыӊ тәжірибесін қолданамыз, мысалы, АҚШ-тағы Йеллоустоун паркі, - деді "Бұйратау" ұлттық паркініӊ теризм және экологиялық ағарту бөлімі басшысыныӊ міндетін атқарушы Жібек Ыбраева. - Қазіргі кезде орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, парктіӊ маршруты жасалуды. Сафаридіӊ ашылуы ЭКСПО көрмесіне орайластырылмақ.

Келушілер, бұғы, арқар, ақбөкен, бизон, як, марал, сұр тырна, саршұнақ, суыр, құр мен басқа да Қызыл кітапқа енгізілген аӊ-құстарды тамашалай алады. Жануарларды көруге және фотосуретке түсіруге ғана рұқсат етіледі. Ұлттық паркте аӊ аулауға тыйым салынады.

Бүгінде "Бұйратау" қорығына Абай көшесі, 13 мекенжайы бойынша Молодежный ауылындағы кеӊседе баж төлеп және билет сатып алып баруға болады. Немесе бірден Ұлттық паркке келуге болады. Парк аумағына кіреберісте орналасқан өткізу бекеттерінде туристерге нұсқаулық беріледі. Қорық аймағында бір тәулік болған үшін бір адам бір мыӊ теӊге төлейді. Бұл бағаға паркті аралауға, туристік соқпақтармен жүруге, жануарларды ккөрііп, палаталық қалашық орнатып, Бозайғыр мен Ижібай өзендерінде қармақпен балық аулауға, сондай-ақ, археологиялық қазбаларды тамашалауға болады. Ғалымдар парк аумағында VI-VII ғғ. сақ мәдениетініӊ ескерткіштерін тапты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны