27.02.2007, 18:39 2889

Қарағанды облысында қатаң режимдегі колониядан қашқан тұтқын құрықталды

ҚАРАҒАНДЫ. 27-ақпан. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында қатаң режимдегі колониядан қашқан тұтқын құрықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қарағанды облысының Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқармасынан хабарлады.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқармасы қызметкерлерінің ақпараттарына сүйенсек, 26-ақпанда 5 сағат 30 минутта Қарағанды облысының Долинка аулында орналасқан қатаң режимдегі 159/6 колониядан бір тұтқын қашып кеткен болатын. Алматы облысында туып-өскен тұтқын қамауға алынғанға дейін Қарағандыда тұрған, ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша (есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату) сотталып, сегіз жарым жылға бас бостандығынан айрылған болатын. 2002 жылдан бері қатаң режимді колонияда жазасын өтеуде.

"Қашқынның сөздеріне сүйенсек, ол күн райының қолайсыздығын пайдаланып, өлім алдында жатқан туысына барып қайтпақ болған. Бірақ 17.00 шамасында Қарағандыда құрықталды",- деп түсіндірді Қарағанды облысының Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқармасындағылар.

Қарағанды облысының Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, Қылмыстық кодекстің нормаларына сәйкес, қашқынның колонияға қашқан сәттен бастап 7 күн ішінде қайтып келуіне байланысты, оған ешқандай қауіп жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны