18.05.2016, 12:17 3753

Қарағанды облысында қоқыс жәшігінен жаӊа туылған нәресте табылды

"Оқиға ҚР ҚК 24-бабы 99-бөлігі бойынша бірыӊғай сот алды тергеу тізіліміне енгізілді. Баланыӊ анасын анықтау, ұстау бойынша шаралар қабылданды. Тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінде

Қарағанды. 18 мамыр. Kazakhstan Today - Қарағанды облысы Кеӊгір кентінде қоқыс жәшігінен жаӊа туылған нәресте табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Оқиға ҚР ҚК 24-бабы 99-бөлігі бойынша бірыӊғай сот алды тергеу тізіліміне енгізілді. Баланыӊ анасын анықтау, ұстау бойынша шаралар қабылданды. Тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінде, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Нәресте табылғаны туралы ақпарат Facebook әлеуметтік желісінде жарияланды.

"Кеше Жезқазған мен Сәтпаев қаласы арасындағы Подхозда контейнерден жаӊа туылған нәресте табылды. "Өтіп бара жатып, мысықтыӊ мияулағаны естілгендей болды. Айналамызға қарай бастадық. Тәтем контейнердіӊ ішін қарады, ол пакеттіӊ қозғалып жатқанын байқаған. Шығарып алып, ашсақ, аузын дәретхана қағазымен қымтап тастаған баланы көрдік. Қағазды ала сала, бала шырылдап жылай жөнелді. Ол өзініӊ кеудешесін шешіп, баланы орап, емханаға жеткізді", - деп жазды өз парақшасында Людмила Экзархова.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны