10.03.2017, 18:33 6126

Қарағанды облысында "Көктем 2017" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Қарағанды облысында 9-10 наурызда "Көктем 2017" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Қатысушылар су тасқыны кезінде төтенше жағдайдыӊ орын алуы барысындағы іс-қимылдарды пысықтауда.

Қарағанды. 10 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында 9-10 наурызда "Көктем 2017" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Қатысушылар су тасқыны кезінде төтенше жағдайдыӊ орын алуы барысындағы іс-қимылдарды пысықтауда.

9 наурызда таӊертеӊ дабыл соғылып, теле-радиоарналар басып алынды. Осылайша, тұрғындарға оқу-жаттығы туралы хабарланды.

Бірінші оқу-жаттығулары Самарқанд су қоймасында басталды. Бұл жерде айналма канал тазаланды. Сондай-ақ, қондырғыныӊ жұмыс істеу қабілеттілігі тексерілді.

Содан кейін оқу-жаттығулары Гагарин ауылдық округында Бұқар жырау ауданында жалғасты. Қарағанды облысыныӊ әкімі Нұрмұхамбет Ибдібековтыӊ жетекшілігімен техниканыӊ дайындық барысы тексерілді.

Садовое ауылында халықты қауіпсіз жерге көшіру және авариялық-құтқару жұмыстары бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы өтті. Ауылдыӊ жанында Баймырза өзенінде мұз жарылды.

Ұйымдастырушылардыӊ айтуынша, жару жұмыстары көрнекі мақсатта жүргізілді. Осылайша, қажет болған жағдайда атқарылатын іс-қимылдар көрсетілді.

Біз бөлімшелеріміздіӊ жағдайымен таныстық. Дайындық жақсы. Қыста қар көп болды, мұныӊ арты су тасқынына әкелуі мүмкін. Қазіргі кезде барлық салдарды жойып, 2015 жылғы жағдайды болдырмау бойынша шаралар қабылдануда,- деді Қарағанды облысыныӊ әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков.

Облыста қар жабыны тексерілді. Нәтижесінде, далада қар аз, бірақ ауылдар мен елді мекендерді қар басқаны анықталды. Қазіргі кезде қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Жедел мәліметтерге сәйкес, бүгінде 800 мыӊ текше метрден астам қар жиналған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны