09.03.2017, 18:43 4279

Қарағанды облысында көктемгі су тасқынына дайындықты күшейту бойынша айлық жарияланды

Қарағанды облысында көктемгі су тасқынына дайындықты күшейту бойынша айлық жарияланды. Шара 6 наурыздан 6 сәуірге дейін жалғасады.

Қарағанды. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында көктемгі су тасқынына дайындықты күшейту бойынша айлық жарияланды. Шара 6 наурыздан 6 сәуірге дейін жалғасады.

"Елді мекендерге кіре берістерді, көшелерді, аулаларды, ғимараттардыӊ төбелерін қардан тазарту қажет. Су өткізетін құбырлар тексеріледі. Бөгеттер күшейтіледі. Су тасқыны кезеӊінен аман-есен шығу үшін барлық шаралар қабылданады", - деді облыс әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков аппарат отырысында.

9 және 16 наурызда аумақты қардан тазарту үшін жалпыоблыстық сенбіліктер өткізіледі.

Аймақ басшысы кәсіпорындардыӊ техникасы мен жеке меншікті құрылымдардыӊ техникасын тартуды тапсырды.

3 наурыздан бастап аймақта дайындық режимі күшейтілді, деп атап өтті Нұрмұхамбет Ибдібеков. Осакаров ауданындағы елді мекендерден 25 текше метрге жуық қар шығарылды.

Су тасқынына дайындық барысы туралы облыстық ТЖД басшысы Ибрагим Күлшимбаев баяндады.

Өзенніӊ басы тексерілуде. Облыстағы ірі су қоймалары Самарқанд, Шерубай-Нұра және т.б. су ағызу жұмыстары басталды.

Жағдай ғарыштан бақыланады.

"1 наурыздан бастап облыс аумағындағы қар жабыны мен еріген қар суларыныӊ өту барысын мониторингтеу үшін тәулігіне екі рет ғарыштан түсірілген суреттер қаралады", - деді ТЖД басшысы.

Су тасқыны қаупі болған жағдайға деп облыста 170 аса эвакуациялық пункт әзірленді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны