25.01.2010, 12:48 3184

Қарағанды облысында құлаған ғимаратта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде

Қарағанды облысында құлаған ғимаратта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде

Қарағанды. 25 қаңтар. Kazakhstan Today - Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы Балхаш-9 атты бұрынғы әскери қалашықта бұрынғы "Дарьял-У" радиолокациялық станциясының құлаған ғимаратында үш күннен бері іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 22 қаңтарда "Дарьял-У" радиолокациялық станциясының құрылғылары мен қондырғыларын бұзу жұмыстары кезінде ғимарат қирады. Соның салдарынан 40 жастағы жігіт оқиға орнында жан тапсырып, 35 жастағы жігіт ауруханаға жатқызылды. Алдын-ала жорамал бойынша, үйінді астында тағы да үш адам қалып отыр, деп хабарлайды ТЖМ.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаметнінің жедел құтқару отряды жүргізуде. Оған тоғыз адам мен екі иісшіл ит жұмылдырылған. Оқиға орнында бұған қоса арнайы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Оқиға орнына бұған қоса ҚР ТЖМ-нің №52859 әскери бөлімінің апаттан құтқару бөлімшесі де жіберілді.

"Ғимараттың іргетасының шекарасына дейінгі кіреберіс жолдарды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Кинологиялық қызмет ғимараттың жертөлесінің ширек бөлігін тексеріп шықты. Одан кейінгі бөліктері тексеріп шығу, жертөленің қирауына байланысты мүмкін болмай отыр. Зардап шеккендер болуы мүмкін жерлердегі қираған конструкциялар автокрандар мен жүк көтергіштердің көмегімен аршылуда", - деп хабарлайды ТЖД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны