19.03.2012, 14:43 3499

Қарағанды облысында құтқарушылар қар құрсауында қалған көліктерді шығарды

Қарқаралы қаласынан 27 шақырым жерде ұзындығы 3,5 шақырымдық қар құрсауында 15 көлік қалып қойған. "Оқиға орнына қар тазалау техникасы жіберілді. Тазалау жұмыстарынан кейін барлық көліктер Қ.Аманжолов атындағы ауылға дейін жеткізіп салынды. Зардан шеккендер жоқ", - делінеді облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қарағанды. 19-наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында құтқарушылар қар құрсауында қалған көліктерді шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен хабарлаған.

Ведомствоның ақпаратынша, Қарқаралы қаласынан 27 шақырым жерде ұзындығы 3,5 шақырымдық қар құрсауында 15 көлік қалып қойған. "Оқиға орнына қар тазалау техникасы жіберілді. Тазалау жұмыстарынан кейін барлық көліктер Қ.Аманжолов атындағы ауылға дейін жеткізіп салынды. Зардан шеккендер жоқ", - делінеді облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бүгін түнде Абай ауданында құтқарушылар "Шымкент-Новосібір" бағытымен шығып, жолда сынып қалған автобустың жолаушылары мен жүргізушілерін қауіпсіз аумаққы шығарды.

"Қозғалтқыштың техникалық ақауы салдарынан "Мерседес" автобусы "Алматы-Екатеринбор" авто жолының 982-нші шақырымында, Спасск кентінен 6 шақырым жерде мәжбүрлі түрде тоқтады. Оқиға орнына ішінде облыстық ТЖД-ның құтқарушы жасағының екі қызметкері бар "КУНГ" көлігі жіберілді. Жалпы саны 103 адамды құрайтын жолаушылар мен жүргізушілер жақын жердегі кемпингке жеткізілді", - деп хабарлады облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен. Ведомстводан атап өткендей, зардап шеккендер жоқ.

Сонымен қатар, аймақта ауа райы қолайсыз болып қалуда. "19 наурыз күні облыстың шығысы мен солтүстігінде бұрқасындатып, күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады", - деп таратты ескертуін синоптиктер болжамына сілтеме жасаған облыстық ТЖД-ден.

ТЖД-нің ақпаратынша, бұрқасын мен жолдың нашар көрінуіне байланысты бүгін сағат 10.30-дан бастап "Қарағанды-Астана" күре жолы көліктің барлық түрлері үшін жабылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны