25.04.2016, 17:21 3885

Қарағанды облысында медицина саласында 2,2 млрд теӊгеніӊ он инвестициялық жобасы жүзеге асырылады

"2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша тұрғындарға есеп беру кездесуінде мен денсаулық сақтау саласына 1 млрд теӊгеден астам соманыӊ инвестициясын тарту туралы айтқан болатынмын. Сол жүздесуден бері шамалы ғана уақыт өтсе де, меніӊ білуімше, осы бағытта үздіксіз жұмыс жүргізілуініӊ арқасында оӊ нәтижеге қол жеткізілді", - деді кездесуде өӊір басшысы.

Қарағанды. 25 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облыстық әкімдігі ағымдағы жылы 2 млрд 258 млн теӊгеніӊ 10 инвестициялық жобасын жүзеге асыру туралы жеке инвесторлармен келісімге келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қарағанды облысы әкімініӊ инвесторлармен кездесуініӊ қорытындысы бойынша.

"2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша тұрғындарға есеп беру кездесуінде мен денсаулық сақтау саласына 1 млрд теӊгеден астам соманыӊ инвестициясын тарту туралы айтқан болатынмын. Сол жүздесуден бері шамалы ғана уақыт өтсе де, меніӊ білуімше, осы бағытта үздіксіз жұмыс жүргізілуініӊ арқасында оӊ нәтижеге қол жеткізілді", - деді кездесуде өӊір басшысы.

Денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту тетіктері жасақталған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ бастығы Ержан Нұрлыбаевтыӊ хабарлауынша, жеке инвестициялар ақысыз медициналық көмектіӊ кепілдендірілген көлемі шеӊберіндегі медициналық қызмет түрлері мен ауқымын ұлғайту мақсатында тартылып отыр.

"Оны жүзеге асыру тетіктері инвесторларға заманауи құрал-жабдықтарды пайдалана отырып медициналық қызмет көрсетуге қажетті жағдайлар жасауға саяды. Айталық, бүгінгі күні Қарағанды, Балхаш және Жезқазғандағы перзентхана ұйымдарында сарапшылық санатқа жататын Ультрадыбыстық зерттеу кабинеттерін ашу бойынша 228 млн теӊгеніӊ үш инвестициялық жобасы жүзеге асырылып үлгерді", - деді Ержан Нұрлыбаев.

Бұған қоса, 2015 жылғы қарашада "MD Vision" ЖШС-мен бірлесе отырып, Қарағанды қаласындағы №3 емхана мен Теміртау қаласындағы №1 емханада 80 млн теӊгеге екі офтальмологиялық орталық ашылды.

Ағымдағы жылы 2 млрд 258 млн теӊгеніӊ тағы да 10 инвестициялық жобасын жүзеге асыру туралы жеке инвесторлармен келісімге келу осы бағыттағы жұмыстардыӊ маӊызды кезеӊіне айналып отыр. Атап айтсақ, Жезқазғанда магнитті-резонанстық томографиялық үш кабинет, Қарағандыда компьютерлік-рентгендік томографиялық екі кабинет ашу жоспарланған. Жезқазған мен Балхашта офтальмологиялық орталықтар, Қарағандыда облыстық аллергиялық орталық, Қарағандыдағы балалар ауруханасыныӊ негізінде сауықтыру орталығы, Қарағанды қаласыныӊ Октябрь ауданында отбасылық денсаулық орталығы және Қарағандыныӊ оӊтүстік-шығыс бөлігінде емхана салынады.

"Сонымен қатар, Шахтинск қаласында гемодиализ орталығы салынбақшы. Қазір Шахтинск қаласыныӊ гемодиализге мұқтаж тұрғындары өмірлік маӊызды процедурадан өту үшін аптасына екі-үш мәрте Қарағандыға қатынауға мәжбүр. Ендігі жерде науқас жандар жергілікті жерде емдеуден өте алады", - деді Ержан Нұрлыбаев.

Қарағанды облысыныӊ әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков жеке меншік компаниялардыӊ өкілдеріне өӊір аумағында денсаулық сақтау саласындағы жобаларға инвестиция салуға әзірлік танытқаны үшін ризашылығын білдірді.

"Өзара ынтымақтастығымыз одан әрі жалғасын табады және сіздердіӊ көмектеріӊізбен тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ете аламыз деп сенемін", - деді Нұрмұхамбет Ибдібеков.

Өӊір басшысыныӊ инвесторлармен арадағы диалогы мемлекет пен жеке меншіктіӊ серіктестігі желісінде болып өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны