14.04.2008, 15:12 2994

Қарағанды облысында мемлекеттік шенеуніктер арасында бірқатар кадрлік ауыс -түйістер болды

Қарағанды облысында мемлекеттік шенеуніктер арасында бірқатар кадрлік ауыс -түйістер болды

Қарағанды. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында мемлекеттік шенеуніктері арасында бірқатар кадрлік ауыс- түйістер болды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінде атап өтілгеніндей, "президент әкімшілігі мен ҚР үкіметінің келісімімен Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өндірістік департамент директоры қызметіне Қайрат Хасенов тағайындалды. Бұған дейін ол аталған департамент директорының орынбасары болған".

Сонымен қатар, ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен мемлекеттік сатып алу және қаржылық бақылау басқармасының бастығы қызметіне Азамат Ахметов тағайындалды. Бұған дейін ол осы басқарма бастығының орынбасары қызметін атқарып келген. Ал күні бүгінге дейін мемлекеттік сатып алу және қаржылық бақылау басқармасы бастығы болып келген Күмісбек Ақышев қазынашылық департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, президент әкімшілігі мен ҚР үкіметінің келісімімен Қарағанды облысының ішкі саясат департаменті директоры қызметіне Ирина Любарская тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны