27.02.2008, 10:21 1541

Қарағанды облысында мүгедектерді әлеуметтік қолдауға арналған қаражат 2,5 есе ұлғайтылды

Қарағанды облысында мүгедектерді әлеуметтік қолдауға арналған қаражат 2,5 есе ұлғайтылды

Қарағынды. 26-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында мүгедектерді әлеуметтік қолдауға арналған қаражат 2,5 есе ұлғайтылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің директоры Ибішов Жандос хабарлады.

Оның айтуынша, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдеріне міндетті гигиеналық құралдарды алуға, жеке бас көмекшілерінің қызметіне, ыммен сөйлесетін мамандарға биыл 189,8 млн теңге бөлінген. Ол былтырғымен салыстырғанда 2,5 есе көп.

Ж. Ибішев атап көрсеткендей, сонымен бірге, биыл мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында мүгедектер арбасын алуға бөлінген қаражат айтарлықтай өскен (7 млн-нан 28 млн-ға). Дауажайлар мен шипажайларға жолдамаларға бөлінетін қаражат 3 еседей өсірілген (15-тен 42 миллион теңгеге). Ал протез-ортопедиялық бұйымдарды алуға 2007 жылы - 33 млн теңге бөлінсе, биыл 45 млн теңге бөлініп отыр.

"Департамент 570 сандық есту аппараттарын, халықаралық талаптарға сай 486 мүгедектер арбасын, 51 сандық диктофон мен CD-дискілі 69 тифлмагнитола алуды жоспарлап отыр", - деп толықтырды Ж. Ибішев.

Ж. Ибішев сондай-ақ, Қарағандыға гуманитарлық көмек есебінде Иса шіркеуінің миссионерлерінен жаңа 500 мүгедектер арбасы келгенін хабарлады. Оның айтуынша, бұл жүк кеденде жеделдетілген рәсімдеуден өткен. Енді ол арбалар мүгедек болмағандығынан мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз етіле алмайтын арнайы құралдарға мұқтаж қарт адамдар арасында бөліп берілетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны