15.09.2017, 15:55 5650

Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған реабилитациялық орталық ашылды

Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған реабилитациялық орталық ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қарағанды. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған реабилитациялық орталық ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Реабилитациялық орталықта мүмкіндігі шектеулі адамдардыӊ өмірлік, психофизикалық тұрлаулылығын арттыру және қалпына келтіруге бағытталған әлеуметтік-медициналық көмектер көрсетуге баса назар аударылған. 64 төсек -орынмен жабдықталған мекемеде емдеу, неврология, ортопедиялық-жарақатты емдеу бағыттарында әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсетуге қажетті жағдарлардыӊ бәрі жасалған", - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысыныӊ міндетін атқарушы Максим Галиуллин Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оныӊ айтуынша, орталықта реабилитациялық іс-шараларды өткізуге қажетті тиісті физиотерапиялық, механикалық терапиялық жабдықтар, жаӊаша жаттықтыру құралдары бар емдік денешынықтыру кабинеті ашылған. Сондай-ақ, мұнда балшықпен емдеу және саунаға баруға арналған сумен емдеу ем-шараларыныӊ корпусы да жұмыс істейді.

Орталықта компьютерлік сауаттылықты көтеруге арналған компьютер кабинеттері де бар. Бұған қоса, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлы кабинет пен шаштараз жұмыс істейді.

Сонымен қатар брифинг барысында Галиуллин ұсынған ақпаратқа сәйкес, басқарма 2018 жылы онлайн-режимде сурдоаударма қызметін көрсету бойынша SURDO-ONlINE қызметін қолданысқа енгізу жоспарланып отыр. Бұл жоба есту және сөйлеу қабілеті бойынша кемтарлыққа душар болған адамдарға бейнебайланыс арқылы (денсауылық сақтау, білім беру, транспорттық қызмет және т.б. мекемелерінде) өздерін қызықтырған ақпаратты онлайн-режимде алуға мүмкіндік береді.

Мүгедек балалардыӊ ата-аналарына психологиялық көмек көрсететін қызметтіӊ ашылғанына екі жыл болды. Дегенмен, ол туралы білетіндер аз. Мүмкіндігі шектеулі балалардыӊ әкелері мен аналарына қандай көмек көрсетілетіні туралы да Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Кәсіби психологпен кездесу үшін тегін кеӊес алуға өтініш тастап кетсеӊіз болғаны.

- Жобаныӊ басты мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балалардыӊ ата-аналарына кеӊестік көмектер беру, - дейді Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысыныӊ міндетін атқарушы Максим Галиуллин. - Қолдаудыӊ түрлері: ата-аналар мен балаларға психологиялық көмек көрсету, мүгедек баланыӊ дұрыс дамуы үшін жағдайлар жасау, және де отбасында жағымды жағдайды қалыптастыру.

Тегін психологиялық көмек алу үшін 1411 нөміріне қоӊырау шалып, кезекке тұруға болады. Өз қызметтерін Қазақстан-Ресей медициналық университетініӊ арнайы кеӊесшілері ұсынады.

Сондай-ақ, басқармасы басшысыныӊ міндетін атқарушы мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамтудыӊ да өзектілігін атап өтті. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, тұрғындарды жұмыспен қамтуға қолдау көрсетудіӊ кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында мүмкіндігі шектеулі 801 адам жұмыспен қамтылды.

Оныӊ ішінде 7 адам мемлекеттік бағдарламалар шеӊберінде жүзеге асырылып жатқан жобалардыӊ аясында жұмысқа орналасты; 366 адам мемлекеттік қолдау шараларын қолданусыз жұмысқа тұрды. Тағы 48 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жегілді; 17 адам жастар тәжірибесінен өтуде; 244 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Сондай-ақ, 60 адам кәсіптік оқытуға жіберілді, тағы 27 адам "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша дәріс алды және 32 адам шағын несиеге ие болды. 88 адам квоталы жұмыс орындарына орналастырылды.

"Ағымдағы жылы облыстыӊ қалалары мен аудандарында бос жұмыс орындарыныӊ 51 жәрмеӊкесі өткізілді. Бос жұмыс орындарыныӊ жәрмеӊкесінде жұмысқа орналасқан мүгедек жандардыӊ саны - 118", - деді ол.

Галиуллинніӊ нақтылауынша, қазір Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі 64 510 адам тұрады, олар жалпы халық саныныӊ 4,6%-ын құрайды. Олардыӊ арасында 4462 мүгедек бала бар.

Айта кету керек, Қазақстанныӊ әлемдегі барынша дамыған 30 елдіӊ қатарына кіруі туралы мақсатты қоя отырып, мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға аударылатын назарды арттыра түсуді атап өткен болатын. Қазақстан ондай адамдар үшін кедергісіз елге айналуға тиіс. Мүкіндігі шектеулі азаматтар тек жәрдемақы алумен ғана шектелмей, өздерін қоғамныӊ белсенді мүшесі ретінде, пайдалы қызметкерлер ретінде сезініп, қоғам өміріне белсене араласуға тиіс.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны