09.07.2010, 13:17 4413

Қарағанды облысында мұнай құбырынан мұнай ұрлаумен айналысты деген күдікпен 7 адам ұсталды

Қарағанды облысында мұнай құбырынан мұнай ұрлаумен айналысты деген күдікпен 7 адам ұсталды

Қарағанды. 9-шілде. Kazakhstan Today Қарағанды облысында мұнай құбырынан мұнай ұрлаумен айналысты деген күдікпен 7 адам ұсталды. Бқл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Ұлытау ауданында Жетіқоңыр ауылынан 150 шақырымда орналасқан Қызылорда бағытындағы Құмкөл-Қарақайың мұнай құбырында мұнай құбырын күзететін "Semser Security" ЖШС мобильдік тобы "Тойота-Раннер" көлігін, 38 тонналық цистерна артқан КамАЗ, 28 тонналық КамАЗ, 23 тонналық КамАЗ көліктерін тоқтатып, төрт жүргізуші (біреуінде құжаты жоқ) мен үш жолаушыны ұстаған. Барлық көліктер мұнайға толы, деп хабарлады ІІД.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдын ала берілген мәліметтерге сүйенсек, ұсталғандар Қызылорда облысының тұрғындары. Қазіргі уақытта олардан толық мағлұматтар алынуда. Келген шығын сомасы да анықталуда. Тергеу алдындағы тексеру жмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны