25.05.2006, 17:05 3072

Қарағанды облысында мұнай өнімдерін заңсыз көму оқиғалары әшкереленді

ҚАРАҒАНДЫ. 25-мамыр. Kazakhstan Today. Қарағанды табиғат қорғау прокуратурасы “ҚазТрансОйл“ АҚ-ның Қарағанды мұнайқұбыры басқармасының мұнай айдау станциясына таяу жерде мұнай өнімдерін заңсыз көму оқиғаларын әшкереледі. Бұл туралы журналистерге облыстық табиғат қорғау прокуроры Аманжан Ахметов хабарлады.

Бұл дерек бойынша прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің “экологияға қауіп төндіретін химиялық, радиоактивтік және биологиялық заттарды өндіру және сақтау барысында экологиялық талаптарды бұзу салдарынан адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келу қаупі төнгені жөніндегі” 278-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс қарағанды облыстық ІІД-іне тексеруге жолданды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны