22.07.2008, 11:00 1427

Қарағанды облысында облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қарағанды облысында облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қарағанды. 22 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында ҚР президентінің әкімшілігімен келісе отырып, Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматуллиннің қаулысымен облыс әкімінің орынбасары болып Рысқали Ибдікеров тағайындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Р. Ибдікеров әр кездері Ағадыр ауданының әкімінің орынбасары, Қарағанды қаласының әкімінің орынбасары, Ақтоғай және Ұлытау аудандарының әкімі болып қызмет атқарған. Соңғы тағайындалуына дейін Шет ауданының әкімі болып жұмыс істеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны