23.05.2006, 14:29 3303

Қарағанды облысында өрт саны көбейді

ҚАРАҒАНДЫ. 23-мамыр. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында жыл басынан бері 1016 өрт шықты. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 6 процент артық. Бұл туралы “Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи өрттерді сөндіруді ұйымдастыру шаралары, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі облыстық жүйені бақылау және қадағалау күш-құралдарының дайындығы туралы” атты кеңесте Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының бастығы Олег Мащицкий құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Оның айтуынша, облыста жылдың бастапқы төрт айында өрт салдарынан 22 адам қаза тапты. Өрт салдарынан келген шығын көлемі жыл басынан бері 70 млн. теңгені құрады.

Өрттің 78 проценті жай үйлер секторының үлесіне тиеді. Сонымен бірге жыл басынан бері жалпы аумағы 7 гектарды шарпыған 10 орман өрті, бірнеше ондаған далалық өрт тіркелді.

О.Мащицкийдің айтуынша, өрт сөндірушілерді өртенетін қоқыстар көп әбігерге түсіруде. Мәселен, тек соңғы 20 күнде Қарағандыда өрт сөндірушілер қоқыс төгетін орындар мен аулаларда шыққан өртті сөндіруге 794 мәрте шақырылды. “Жағдай осылайша өрби берсе, бөлінген қаржы өрт сөндіру қызметін жылдың аяғына дейін ұстап тұруға жетпей қалуы ықтимал. Ондай атты күн туса шақыруға ешкім бара алмай қалады”, деп мәлімдеді басқарма бастығы.

Облыстың ауылдық аудандарында өртсөндіору – проблеманың үлкені, деді маман. Шаруа қожалықтарындағы өрт сөндіргіш машиналар істен шығып, бөлшектелген. Жанар-жағармай қоры жоқ. Мәселен, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарында істен шыққан бір-бір көлік қана болса, Қарқаралы ауданындағы 22 ауылдық округтің екеуінде ғана өздеріне тиесілі өрт сөндіргіш машиналар бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны