27.03.2017, 17:52 4467

Қарағанды облысында өткен "Зергер" көрме-байқауына Астана, Алматы, Шымкент, Өскемен, Павлодар қалаларыныӊ зергерлері қатысты

Қарағандыда 25 наурызға дейін Достық үйінде "Зергер" көрме-байқауы өтті. Оған Қарағанды облысыныӊ, Астана, Алматы, Шымкент, Өскемен, Павлодар қалаларыныӊ зергерлері қатысты.

Қарағанды. 27 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағандыда 25 наурызға дейін Достық үйінде "Зергер" көрме-байқауы өтті. Оған Қарағанды облысыныӊ, Астана, Алматы, Шымкент, Өскемен, Павлодар қалаларыныӊ зергерлері қатысты.

Көрменіӊ ашылуына зергерлік өнерді бағалаушылар қатысты. Авторлық жұмыстар әралуандылығымен және әдемілігімен келушілерді тәнті етті. Ир шебердіӊ өзіндік стилі, өзіндік орындау техникасы бар. Ұнаған әшекейлерді сатып алуға да болады.

"Биыл зергерлік өнердіӊ дәстүрлі ашық байқауы Қарағанды облысыныӊ әкімдігі "Қоғамдық келісім" КММ қолдауымен жаӊа алаӊда - Достық үйінде ұйымдастырылып отыр. Еліміздіӊ түкпір-түкпірінен келген шеберлер байқауда 20-ға жуық авторлық бұйым ұсынуда. Жастар көп. Жаӊа есімдер жария болады деп ойлаймын", - деді "Шебер" сәндік-қолданбалы өнер шеберлерін қолдау орталығы қоғамдық бірлестігініӊ төрағасы Наталья Вшивцева.

Қазылар алқасына қарағандылық зергер, "Зергер" байқауыныӊ лауреаты Сергей Таскин жетекшілік етеді.

Байқау тоғыз номинация бойынша өтеді. Ұйымдастырушылар өткен жылдардағыдай тосын жағдайлар болады деп күтуде. Байқау барысында жоспарды бірнеше рет өзгерттік, қосымша арнайы номинациялар енгізілді. Гран-при иегеріне 100 мыӊ теӊге беріледі.

Қазақстанныӊ қолөнершілер одағыныӊ төрағасы, Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік қолөнершілер кеӊесініӊ вице-президенті Айжан Бекқұлованыӊ пікірінше, Қарағандыда зергерлік өнер жақсы дамыған.

"Витриналарды қарап шығып, жақсы шеберлердіӊ көп екенін байқадым. Олар қазақтыӊ зергерлік өнері тақырыбы мен дәстүрін тереӊ түсінеді. Сериялы жұмыстар да кездеседі. Тағы да бір маӊызды жайт, зергерлердіӊ әшекейлер жасауда өзіндік мәнері бар. Тақырыпты дамыту, экспозицияны шығармашылық тұрғыдан ұсына білу - бұл маӊызды ілгері қадам", - дейді қонақ.

Мұндай байқаулар одан әрі дамуға және жетілуге серпін береді, дейді ол.

"Осы жылдары зергерлік өнер саӊлақтарыныӊ саны артты. Қарағандылық Илья Казаковпен танысқанда, ол енді ғана бастаған зергер болатын. Бүгінде ол - мэтр. Оныӊ еӊбектері көптеген коллекцияларға енді. Евгений Кузьмин де қазіргі кезде өзіндік көзқарасқа ие шебер. Мұнда жұмыстары халықаралық көрмелерге қатысқан зергерлер де бар", - деп атап өтті Айжан Бекқұлова.

Сонымен қатар, Достық үйінде аймақтық киім дизайнерлерініӊ байқауы да өтіп жатыр. Бірінші күні жергілікті модельерлер өздерініӊ жаӊа коллекцияларын таныстырды.

"Зергер" көрме-байқауы наурыздыӊ 23-інен 25-не дейін өтеді.

Қарағандыда өтіп жатқан "Зергер" көрме-байқауын Франция өкілі Гүлшах Есдаулет тамашалады. Шетелдік қонақ коммерциялық мақсатпен келгенін жеткізді.

"Мен Парижде қазақи нышандағы зергерлік бұйымдар сататын дүкен ашпақпын. Бірінші кезекте этникалық қазақтар, сондай-ақ, қазақ халқыныӊ бай мәдениетін француздарға таныстыру үшін. Көрмеге сол үшін келдім", - деді Гүлшах Есдаулет.

Ол қарағандылық зергер Илья Казаковтыӊ ұлттық стильдегі алқасын сатып алды.

"Дүкенімде осы зергердіӊ әшекейлеріне жеке витрина арнаймын. Ирине, қиындықтар да жоқ емес. Жыл соӊында ашыламыз деп ойлаймын", - дейді Гүлшах.

Шетелдік қонақ Қарағандыда екі жыл бұрын болған, көрмеге жергілікті кәсіпкер Ерлан Ишімовпен бірге келді. Ол бірнеше жыл бұрын Франциядағы отандастарымен табысып, содан бері олардыӊ елге сапарларын ұйымдастырумен айналысады.

"Парижде өткен ғасырдыӊ ортасында Түркиядан көшіп барған 250-ден аса этникалық қазақ отбасы тұрады. Олар ХХ ғасырдыӊ отызыншы - қырқыншы жылдары қазақ пен ұйғыр геноциді кезінде Қытайдан Түркияға қоныс аударған. Отандастырымыз Еуропада өздерініӊ ұлттық бірегейлігін жоғалтпай, ана тілі мен салт-дәстүрін сақтап қалған, олардыӊ әрқайсысы аз уақытқа болса да Қазақстанға келуді армандайды", - деп атап өтті Ерлан Ишімов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны