02.06.2015, 14:00 4164

Қарағанды облысында полицейді өлтіріп кетті

46 жастағы жол-патрульдік полиция қызметкерініӊ жансыз денесі Сәтпаев қаласындағы өз пәтерінен табылған. Облыстыӊ ішкі істер органдары ҚР ҚК 99 - "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде

Қарағанды. 02 Маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында белгісіз біреулер жол-патрульдік полиция қызметкерін өлтіріп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

46 жастағы жол-патрульдік полиция қызметкерініӊ жансыз денесі Сәтпаев қаласындағы өз пәтерінен табылған. Облыстыӊ ішкі істер органдары ҚР ҚК 99 - "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Облыстық ІІД, Жезқазған қаласы ІІБ және Сәтбаев қаласыныӊ ІІБ қылмыстық полициясыныӊ тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы шұғыл тергеу тобы құрылды", - деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қылмыс жасалған кезде жәбірленуші қызметте болмаған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны