24.04.2015, 21:53 4300

Қарағанды облысында су тасқыны салдарынан апатты деп танылған үйлерді бұзу жұмысы басталды және жаӊа баспана салу ұйымдастырылды

Бұл кентте, сондай-ақ Нұра станциясында жалпы саны 148 үй апатты деп танылды. Тексеру жұмыстары жалғасуда. Үй апатты деп танылған жағдайда оныӊ иесіне дәл сондай көлемде жаӊа үй салынады. Егер үй тұруға жарамды болған жағдайда, оған келтірілген зиянға тәуелсіз бағалау жүргізеді және иесіне өтемақы төлейді.

Қарағанды. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында су тасқынынан көп зардап шеккен елді мекендердіӊ бірі Ғ. Мұстафин ат. кент болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл кентте, сондай-ақ Нұра станциясында жалпы саны 148 үй апатты деп танылды. Тексеру жұмыстары жалғасуда. Үй апатты деп танылған жағдайда оныӊ иесіне дәл сондай көлемде жаӊа үй салынады. Егер үй тұруға жарамды болған жағдайда, оған келтірілген зиянға тәуелсіз бағалау жүргізеді және иесіне өтемақы төлейді.

24 сәуірде Ғ. Мұстафин ат. кентте қалпына келтіруге жарамайтын апатты үйлерді бұзу басталды. Бұл жұмыс облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаевтыӊ үйлестіруімен жүргізілуде.

Ол журналистерге берген сұхбатында облыс әкімдігі су тасқыныныӊ алғашқы күнінен бастап кентте су басудан едәуір зардап шеккендерге мемлекеттік органдарды, мекемелерді және ЖОО-ларды бекітіп бергенін айтып өтті. Апатқа душар болған барлық елді мекендерге гуманитарлық жүктерді күнделікті жеткізу ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, Асылбек Дүйсебаев, облыстық атқарушы орган тұрғындардан үйлерді техникалық тексеру, баспананы қалпына келтіру және салу, келтірілген зиянды өтеу мәселелері жөнінде өтініштерді тәулік бойы қабылдап жатқанын, сондай-ақ жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, мал шығыныныӊ орнын толтыру бойынша құжаттар рәсімдеу, әлеуметтік төлемдер бөлу бойынша көмек көрсету, келтірілген залалдыӊ орнын толтыру үшін "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде және екінші деӊгейлі банктерде шот ашу, несиелердіӊ мерзімін ұзарту және тағы басқа да мәселелер бойынша да өтініштер қабылданып жатқанын баса айтты.

Бір де бір тұрғын ескерусіз қалмайды, бәріне жан-жақты көмек көрсетіледі. Үйлерді қалпына келтіру, жаӊа үй салу, зардап шеккендердіӊ барлығына көмек көрсету мәселелері әкімдіктіӊ ерекше бақылауына алынған. Ендігі үй салу бойынша мердігер ұйымдар да анықталды.

Облыс әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны