14.04.2015, 10:14 4845

Қарағанды облысында су тасқыны салдарынан бірнеше көпір қирап қалды

Бұдан басқа, 11-13 сәуірде ауданда қардыӊ күрт еруі салдарынан тасқын су республикалық, облыстық, аудандық маӊызы бар автожолдардыӊ 18 учаскесін зақымдады.

Қарағанды. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында су тасқыны салдарынан Бұқар Жырау, Нұра аудандарында көпірлер қирады, деп хабарлады аудандық әкімдіктерден, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Құланөтпес өзенінде екпінді мұз көшкіні мен су ағыны салдарынан аудандық маӊызы бар Ізенді-Соналы автожолында орналасқан Кеӊжары ауылыныӊ көпірі бұзылды. Сондай -ақ Баршын-Тікенекті автожолындағы көпір қирады. Астана-Қорғалжын-Баршын-Шұбаркөл" автожолындағы көпір тіректерін су шайып кетті", - делінген Нұра ауданы әкімдігініӊ хабарламасында, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Бұдан басқа, 11-13 сәуірде ауданда қардыӊ күрт еруі салдарынан тасқын су республикалық, облыстық, аудандық маӊызы бар автожолдардыӊ 18 учаскесін зақымдады.

"Кеӊжарық, Соналы, Құланөтпес, Баршын, Жанбөбек, Тікенекті, Талдысай, Тассуат елді мекендерімен көлік қатынасы үзілді. Электр тарату тіректерініӊ бұзылуына байланысты Жүкей, Соналы, Құланөтпес, Нығман, Ақтөбек, Амантау ауылдарында электр жарығы өшіп қалды", - деп хабарлады аудандық билік.

Бұқар Жырау ауданында Ботақора және Тоғызқұдық кенттері арасында орналасқан Нұра өзеніндегі Кузнецкий көпірі қирады.

"Бұл республикалық емес, жергілікті маӊызы бар көпір. Көпірді су шайып кеткен. Қазір оны қалпына келтіру жобасын жасауымыз қажет. Бәлкім, өзгеше конструкциялармен жаӊарту қажет болар", - деді журналистерге берген сұхбатында Қарағанды облысыныӊ әкімі Н. Ибдібеков.

Ол келешекте мұндай жағдайдыӊ орын алмауы үшін конструкцияны нығайту қажет екенін айтты.

"Алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Жолдарды, басқа инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіру қажет, - деп атап өтті өӊір басшысы. - Қазір талдау жүргізілуде. Соӊғы рет аралап өткен кезде жолдардағы жұмыс көлемін бақыладық. 3 шақырымға дейін су басқан. Изірге баға бере алмаймыз, себебі су әлі де толастаған жоқ".

Алдын ала деректер бойынша, 25-30 шақырымдай жолды қалпына келтіру қажет.

Биліктіӊ ақпаратына сүйенсек, табиғи сипаттағы төтенше жағдай режімі Абай, Осакаровка аудандарында жарияланды.

Мұз құрсауыныӊ алдын алу үшін Осакаровка, Нұра аудандарыныӊ бірқатар өзендерінде жару жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қарағанды облысында 23 наурыздан бастап 67 су тасу оқиғасы тіркелді. Абай, Қарқаралы, Жаӊаарқа, Шет, Бұқар Жырау аудандарындағы өзен арналарында барынша күрделі жағдай қалыптасып отыр. 35 елді мекенді, 1760 үйді су басуы мүмкін, 1268 үй су астында қалды. 6500-дей адам қауіпсіз жерге көшірілді.

340 бас мал өлім-жітімі тіркеліп, 25 мыӊнан астам мал қауіпсіз жерге жеткізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны