31.03.2010, 10:59 3416

Қарағанды облысында тасқынға қатысты ахуалдың күрделілене түсуіне байланысты қадағалау режимі күшейтілді

Қарағанды облысында тасқынға қатысты ахуалдың күрделілене түсуіне байланысты қадағалау режимі күшейтілді

Қарағанды. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында тасқынға қатысты ахуалдың күрделілене түсуіне байланысты қадағалау режимі күшейтілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, облыста "күнделікті қадағалау" режимі енгізілді. Бұған қоса төтенше жағдай бола қалса, оның зардаптарын жою және алдын алу шараларын күшейту туралы бұйрық шығарылды.

Икімдіктерде, төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалар мен аудандық бөлімшелерде штабтар құрылып, тәулік бойы кезекшілік жасалуда, Төтенше жағдайлар департаментінің облыстық штабына аумақтағы оперативтік ахуал туралы ақпарат тәулігіне екі рет берілуде.

Сондай-ақ, тасқын маусымында қатер төндіретін гидротехникалық құрылғылар тексеріліп, тасқын суын жіберуге дайындық жағдайы жайлы акт әзірленуде.

Табиғат пайдалану басқармасының алдын-ала ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысында сол маңға таяу жатқан елдімекендерге қатер төндіруі мүмкін 42 су қоймасы мен гидротехникалық құрылғылар бар.

Көп жылғы бақылау мәліметтеріне сәйкес, тасқын маусымында 15 мыңдай адам тұратын 63 елдімекенді жарым-жартылай немесе толық су алу ықтималдығы бар. Тасқын аймағына 16 мыңдай малы бар фермерлік шаруашылықтар, 16 теміржол және 57 автожол көпірі, ұзындығы 10-нан 800 метрге дейінгі 161 жол бөлігі, 41 теміржол бөлігі бүліну немесе су шайып кетуі ықтимал аймақта орналасқан, деп хабарлайды ТЖД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны