27.06.2016, 14:37 3599

Қарағанды облысында түйнемеге шалдықты деген күдікпен тағы бір малдыӊ көзі жойылды

2016 жылғы 27 маусымда Қарағанды облысыныӊ Еркіндік елді мекенінде түйнеме жұқтырды күдікпен адамдардыӊ сырқаттануыныӊ 8 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оныӊ ішінде екеуі өліммен аяқталды. Науқастар облыстық инфекциялық ауруханада емделуде

Қарағанды. 27 маусым. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 27 маусымда Қарағанды облысыныӊ Еркіндік елді мекенінде түйнеме жұқтырды күдікпен адамдардыӊ сырқаттануыныӊ 8 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оныӊ ішінде екеуі өліммен аяқталды. Науқастар облыстық инфекциялық ауруханада емделуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау комитеті эпидемиологиялық тергеп-тексеру барысында эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Адамдардыӊ ауруды қалай жұқтырғаны анықталды: инфекция түйнемемен ауырған малдан (сиыр) жұқты. Дерт ағымдағы жылы 5 маусымда ветеринардыӊ қарауынсыз ауру малды сою кезінде және оныӊ еті 11 жанұяға сату салдарынан адамдарға жұққан.

Малдыӊ ауру жұқтыруы қоршалмаған мал қорымына жақын жерге жайылуы және малды түйнемеге қарсы вакцанациялаудыӊ тиімсіздігі нәтижесінде болуы мүмкін. Өлген малдыӊ өлекселерін инсенаторларда жағу мәселелерініӊ шешілмеуі де жағдайды күрделендіре түскен. Науқастар мен байланыста болған адамдарды анықтау мақсатында тексеріс жүргізілді. 21 аула және 115 адам қаралды және сұралды, 70 байланыста болған адам медициналық бақылауға алынды, медициналық бақылау мен антибиотикпен емдеуге бақылау жүргізілуде.

Науқас адамдардан, байланыста болған адамдардан, мәжбүрлеп сойылған малдыӊ еті мен терісінен, қоршаған орта объектілерінен (топырақ, қи) алынған материалдарға шұғыл зертханалық зерттеу жүргізілді. Материалдарды зертханалық зерттеудіӊ (ПТР, бактериологиялық) оӊ нәтижелері негізінде сегіз науқасқа "түйнеме" диагнозы қойылды.

Барлық ошақтарда дезинфекция жасалды.

Ветеринариялық қызмет мал сойылған орынды анықтап, сойылған сиырдыӊ терісі мен етініӊ қалдығын жойды, мал ұсталған және сойылған жерлерге дезинфекция жасады. Ауылдағы малға екпе жүргізілуі тексерілуде. Түйнеме жұқтырды деген күдікпен тағы бір мал анықталды, ол оқшауланып, жойылды.

Қазір түйнеме ошағын жою үшін эпидемияға қарсы және ветеринариялық іс-шаралар кешені толық көлемде жүргізілуде, деп хабарлады ҚР ҰЭМ баспасөз қызметінен.

Ағымдағы жылғы 23 маусымнан бастап Еркіндік ауылыныӊ тұрғындары арасынан түйнемемен сырқаттанудыӊ жаӊа жағдайлары тіркелген жоқ.

Жағдай бақылауда. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны