24.08.2017, 14:45 3413

Қарағанды облысында жекеменшік балабақшаларда мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылады

Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошанов облыс бойынша жекеменшік балабақшаларда мемлекеттік тапсырысты ұлғайтуды тапсырды.

Қарағанды. 24 тамыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошанов облыс бойынша жекеменшік балабақшаларда мемлекеттік тапсырысты ұлғайтуды тапсырды.

Қарағанды облысында 2018 жылы балабақшаға кезек мәселесін түпкілікті шешу жоспарлануда. Бұл мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту арқылы жүзеге асырылмақ. Аймақ басшысы Ерлан Қошанов дәстүрлі тамыз конференциясында барлық қалалар мен аудандарда Қарағанды қаласындағы секілді, мектепке дейінгі жекеменшік мекемелерде мемлекеттік тапсырысты ұлғайтуды тапсырды,- деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

-Біздіӊ алдымызда 2019 жылы 3 - 6 жасар балаларды балабақшамен 100% қамтамасыз ету міндеті тұр. Ол үшін жекеменшік балабақшалар жүйесін, оныӊ ішінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмін дамытуға басты назар аударып отырымыз, - деді облыстық білім басқармасыныӊ бастығы Асқат Аймағамбетов,- Қарағандыда балалардыӊ мектепке дейінгі жекеменшік мекемелер жүйесі қалыпты дамып отыр. Бұл мемлекеттік тапсырыстыӊ 17 мыӊ теӊгеден 26 мыӊ теӊгеге өсуіне сөзсіз мүмкіндік туғызады, әрі бірқатар мәлелелерді шешеді. Біріншіден, белгілі бір балалар контингенті балабақшамен қамтамасыз етіледі, әрі сонымен қатар кәсіпкерліктіӊ бұл түрі тұрғындар арасында қызуғушылық туғызады. Екіншіден, төлемақы мемлекеттік балабақша деӊгейіне дейін төмендеп, ата-аналар үшін үлкен қолдау болмақ. Үшіншіден, балабақша кезегі азаяды. Облыс бойынша соӊғы екі жылда жекеменшік балабақшалардыӊ саны екі есе, яғни, 21-ден 42-ге дейін өсті.Оларда 3,5мыӊ бала тәрбиеленіп жатыр. Жыл соӊына дейін тағы да 3000 орындық 21 жекеменшік балабақша ашу жоспарлануда.

- Осынша орынды балабақша ашу үшін жергілікті бюджеттен 10 млрд теӊге қажет болған болар еді, - дейді Асқат Аймағамбетов, мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктіӊ тиімділігін көрсетіп.

Облыс әкімі Қарағанды қаласыныӊ бұл оӊтайлы тәжірибесін құптады. Бюджеттен мемлекеттік тапсырыс үшін жекеменшік мектепалды мекемелерге 800 млн теӊге қаржы бөлінді.

- Мен жақында мемлекет басшысына 2018 жылдыӊ соӊына дейін балаларды 100% мектепке дейінгі білім мекемелерімен қамту туралы тапсырмасын орындайтынымды баяндадым. Ол үшін бізде барлық мүмкіндік бар. Балабақшалардағы орын жеткіліксіздігін шешудіӊ оӊтайлы жолы мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту болып табылады. Осы саладағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау қажет, - деді Ерлан Қошанов -Барлық қалалар мен аудандар, әсіресе, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Саран, Шахтинск қалаларыныӊ әкімдері үстіміздегі жылдыӊ қыркүйегініӊ соӊына дейін мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тапсырысты ұлғайтуы қажет.

Сондай-ақ, тамыз конференциясында балабақшаларда мектепалды дайындық сыныптарын құрудыӊ қажеттілігі де назардан тыс қалмады.

- 12 жылдық оқуға көшу аясында балабақшаларда мектепалды дайындық сыныптары мектептерде ғана емес, балабақшаларда да ұйымдастырылуы қажет.Жаӊа оқу жылынан бастап облысымыздыӊ үш білім ошағы жаӊа "Иліппе" оқулығын нақтылаудыӊ республикалық пилоттық жобасына қатысады.

Биылғы оқу жылындағы балабақшалардыӊ міндеттері - жоғары топтарды мектепке және бағдарламалардыӊ өзгеруіне дайындау, - деді Асқат Аймағамбетов. Сонымен қатар, облыс республикалық "Электрондық кезек" пилоттық жобасына қосылып отыр. Бұл өз кезегінде үйден шықпай -ақ, балабақша кезегіне тұруға және кезектіӊ жылжуын бақылауға мүмкіндік береді. Жобаға Шахтинск қаласы қатысуда. Электронды кезек Қарағанды мен Теміртауға да енгізіледі. Бұл жобаға облыстыӊ барлық қалалары қосылу қажет деп санайды аймақ басшысы. Ерлан Қошанов оны жүзеге асыру үшін барлық әкімдерге қаржы көзін табуды тапсырды.

- Тек қана балабақшамен шектеліп қалмай, электронды кезекті балаларды бірінші сыныпқа тіркеуге пайдалану туралы да ойлану керек. Бұл меніӊ ойымша, ата-аналардыӊ уақытын үнемдеуге және мектеп жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді,- деп ескертті облыс әкімі. Сондай-ақ, әкім білім басқармасына осы мәселені зерттеп және келесі оқу жылы қарсаӊында бірінші сыныпқа баратын оқушыларды электрондық тіркеуден өткізуді жүзеге асыруды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны