09.04.2015, 17:35 7232

Қарағанды облысында жолды су басты

Қарағанды облысында "Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы" жолыныӊ учаскесі еріген қар суыныӊ астында қалды, деп хабарлады "Қазақавтожол" РМК облыстық филиалынан

Қарағанды. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында "Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы" жолыныӊ учаскесі еріген қар суыныӊ астында қалды, деп хабарлады "Қазақавтожол" РМК облыстық филиалынан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы" тас жолында, 753-906 шақырымы, Атасу кентінен Топар кентіне дейінгі учаскеде 8 сәуір күні сағат 21.45-тен бастап көліктіӊ барлық түрініӊ қозғалысына шектеу қойылды. Жол еріген қар суыныӊ астында қалды, ені - 25-30 метр, тереӊдігі шамамен 40 см шалшық пайда болды", - деді "Қазақавтожол" мекемесінде, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Кәсіпорын ақпаратынша, 9 сәуірде қозғалысқа қойылған шектеу жалғасады. Бұл жерде шалшықты жою және жол төсемін нығайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жол тәулік бойы бақылануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны