18.09.2017, 17:10 4448

Қарағанды облысындағы ауылда жаӊа қазақ әліпбиіне қатысты мәселе талқыланды

Қарағанды облысы Абай ауданыныӊ Дубовка ауылында 18 қыркүйекте "Мемлекеттік тілдіӊ біртұтас әліпби стандартын енгізу мәселелері" тақырыбында дөӊгелек үстел болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қарағанды. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қарағанды облысы Абай ауданыныӊ Дубовка ауылында 18 қыркүйекте "Мемлекеттік тілдіӊ біртұтас әліпби стандартын енгізу мәселелері" тақырыбында дөӊгелек үстел болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Дөӊгелек үстелді жүргізуші спикері ретінде Дубовка орта мектебініӊ оқытушысы Айгүл Оспанова қатысты, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

"Дүниежүзінде барлығы түп-тамырымен өзгеріп жатқан қазіргі жаҺандану заманында бәрі бір орында қалуға тиіс емес. Қазір біздіӊ алдымызда мемлекеттік тілдіӊ әліпбиін жаӊғырту міндеті тұр. Иліпбиді жаӊғырту басқа тілдердіӊ қолданылу аясын әсте тарылтпайды", - деп атап көрсетті өз сөзінде А.Оспанова.

Жиналғандардыӊ назарына қазақ әліпбиініӊ тарихы туралы ақпарат ұсынылып, дүниежүзі елдеріндегі латын әліпбиіне көшудіӊ сәтті тәжірибелері туралы мысалдар баяндалды.

Дөӊгелек үстелге қатысушылар ұсынылып отырған әліпбиді қарастырып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Тұтастай алғанда, іс-шараға қатысушылар қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бірқатар негізді факторларға байланысты деген тұжырымға келді. Ал орыс және басқа да еліміздегі азаматтар қолданатын тілдер мұндай өзгеріске ұшырамайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны