24.04.2007, 11:32 3197

Қарағанды облысындағы аусыл дертін жұқтырған 50-ден астам ірі қара жойылды

ҚАРАҒАНДЫ. 24- сәуір. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында Жезқазғанның Кеңгір ауылы маңындағы аусыл дертін жұқтырған 50 ірі қара жойылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 2007 жылдың 23-сәуірдегі 18.00 жағдаймен аусыл дертін жұқтырған 52 ірі қараны өртеу жолымен жойған. Індет ошағында келесі іс-шаралар жүргізілуде: 899 ірі қара мен 1100 ұсақ мал індетке қарсы егілген. Ауыл маңындағы қауіпті аймақта - 393 ірі қара мен 400 ұсақ мал. Жалпы алаңы 4000 шаршы метрді құрайтын 22 қоражайға дезинфекциялау жұмыстары жүргізілген. Індет ошағының таралуының алдын-алуға байланысты жұмыстар жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, аусыл дертін жұқтырған алғашқы 38 бас Кеңгір ауылында 19-сәуірде анықталған болатын. Диагнозды "Республикалық мал дәрігерлік зертхана" РМКК Жезқазған аймақтық бөлімшесінің зертханасы қан сынамасын тексеру арқылы растаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны