01.03.2007, 15:23 3271

Қарағанды облысындағы поездардың соғылу дерегі бойныша қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. 1-наурыз. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында Астана - Алматы бағытындағы жолаушылар поезінің қар тазалаушы құраммен соғысу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Бас прокуратурадан.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жолдың Ағадыр бөлігінің бастығының үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 295-бабының 4-тармағы бойынша (Темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу) қылмыстық іс қозғалды.

"Қазіргі уақытта, аталмыш іс бойынша тергеу жұмыстары мен басқа да шаралар жүргізілуде",- деп хабарлады прокуратурадағылар.

Сонымен қатар, баспасөз қызметі, поездердің соғысу дерегі бойынша Орталық аймақтық көлік прокуратурасы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі департаменті директорының атына заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс жібергендігін хабарлайды.

Бұрындары хабарлағанымыздай, 26-ақпанда Қарағанды облысында қалың жауған қар салдарынан тұрып қалған Алматы-Астана бағытындағы жолаушылар поезы қар тазартушы құраммен соғысқан. Апат салдарынан үш вагон шойын жолдан шығып кетіп, бірнеше жолаушы мен темір жолдың жұмысшылары әртүрлі дәрежеде жарақат алған. Атап айтқанда, нақтыланған мәліметтер бойынша, апат салдарынан төрт жолаушы зардап шеккен - олардың қабырғалары, аяқтары мен қолдары сынған. Тағы бір жолаушының омыртқасына зақым келген. Зардап шеккендердің арасында № 15 вагонның жолсерігі мен қар тазалаушы құрамның жүргізушісі де бар, олар ауыр жарақатпен Қарағанды қаласындағы Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны