01.06.2010, 14:02 3286

Қарағанды облысындағы Спасск мемориалында Саяси қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш орнатылды

Қарағанды облысындағы Спасск мемориалында Саяси қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш орнатылды

Қарағанды. 1 маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды облысындағы Спасск мемориалында Саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған еврейлерге арнап ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ескерткіште иврит тілінде ойып жазылған жазуда былай делінген: "Өткен болмай, келешек болмайды". "Келешекте өткен кезеңнің қан кештірген қателіктерін қайталамас үшін өз тарихыңды білу мен оны жадыңда тұту аса маңызды", - деді ескерткіштің ашылуына қатысқан Израиль Мемлекеті елшілігінің әкімшілік басшысы әрі консул Зив Билаус.

Оның айтуынша, тарихшылар мен мұрағат мамандары қаза тапқандардың нақты санын айта алмай отыр. Ол кезде еврейлердің бәрі де өз ұлтын ашық айтуға батылдары бармаған.

Ескерткіштің ашылуында мәлім болғанындай, бұл ескерткіш Саяси қуғын-сүргін құрбандарына Спасск мемориалында ашылған он сегізінші ескерткіш болмақ. Қарлаг түрмелерінде 70 мыңдай тұтқын, соның ішінде 30 мың неміс, 22 мың жапон, 6 мың румын, 1600 австриялық отырған. Шетелдік елшіліктер 80-ші жылдардың аяғынан бастап Спасск бейітінде қаза тапқан отандастарының құрметіне ескерткіш белгілер орната бастады. Бірінші ескерткішті Жапония орнатты. 2004 жылы Спасск кешенінде Қазақстан аумағында жер қойнына берілген барлық саяси қуғын-сүргін құрбандарына ортақ ескерткіш бой көтерді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны