09.03.2017, 18:46 4174

Қарағанды облысындағы "Сплав" фотоклубы өзініӊ 40 жылдығын атап өтпек

Ертеӊ Қарағанды облысындағы "Сплав" фотоклубы өзініӊ 40 жылдығын атап өтпек. Осыған орай қаланыӊ металлургтер өлкетану музейінде фотосуреттер көрмесі ашылады.

Қарағанды. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Ертеӊ Қарағанды облысындағы "Сплав" фотоклубы өзініӊ 40 жылдығын атап өтпек. Осыған орай қаланыӊ металлургтер өлкетану музейінде фотосуреттер көрмесі ашылады. "Мен осы жерді сүйемін" тақырыбындағы экспозициялар жыл сайын бір уақытта өткізіледі. Бұл жолы көрме ерекше болмақ - осылайша, фотографтар клубтыӊ 40 жылдығы атап өтпек.

- Қарағандылық, теміртаулық және облыстыӊ басқа қалаларынан фотографтар бар, - дейді "Сплав" мүшесі Сергей Кочмарев. - Көрмеге 17 адам қатысады. Музей залындағы орын шектеулі болғандықтан, біз ойлағаннан туындылар азырақ қойылады.

Ир фотограф өзініӊ 5 суретін ғана көпшілік назарына ұсынады. Көрменіӊ ашылуы ертеӊ, 10 наурызда сағат 16:00 Теміртау өлкетану музейінде (Металлургтер даӊғылы, 32) өтеді.

"Сплав" фотоклубы 1977 жылы Теміртауда ашылды. Студия Металлургтер мәдениет үйінде орналасты. Онда 16 адам білім алды. Клуб жетекшісі Любовь Воробьева болған.

Алғашқы "Мен осы жерді сүйемін" көрмесі екі жылдан кейін 1979 жылы ашылды, және фотосуреттіӊ пайда болуына 140 жыл толуына және Халықаралық балалар күніне орайластырылды. Ал 1982 жылға қарай көрме кеӊінен танымал болды. Теміртаудағы көрмеге еліміздіӊ 26 қаласынан суретшілер өз еӊбектерін ұсынды, жалпы алғанда, 700-ден аса туынды жіберілді.

Кейіннен туындыларды іріктеу қатаӊ жүргізілетін болды, ал фотоклуб мүшелері азайды, осы қалған фотографтар өз ісініӊ кәсіпқойы деп саналды. Сол кезде теміртаулық фотографтар басқа қалалардағы және бұрынғы КСРО республикаларындағы әріптестерімен сурет және тәжірибе алмасуды бастады.

Фотоклуб осы күнге дейін жұмыс істеп келеді. Бұрынғыдай көрмелер өткізіледі, оған бүкіл облыстан кәсіпқой және әуесқой фото сүйер қауым жиналады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны