01.07.2010, 13:21 3650

Қарағанды облысындағы тасжол бойынан табылған медициналық қалдықтар Сәтпаевтағы емдеу мекемелеріне тиесілі МСЭҚКД

"Инфекциялардың таралуына жол бермеу үшін тиісті шаралар жасалынып, барлық медициналық қалдықтар жойылды",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Қарағанды. 1-шілде. Kazakhstan Today 28-маусымда Қарағанды облысындағы Жезқазған Қарағанды тасжолы бойынан табылған медициналық қалдықтар Сәтпаевтағы емдеу мекемелеріне тиесілі. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қарағанды облысының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "улы және емдік қалдықтарды тасымалдау және жою жұмыстарымен "Реквием-С" ЖШС айналысады. Олармен облыстың емдеу мекемелері келісім жасаған. Қарағанды облысының Санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің Б (қауіпті) және В (өте қауіпті) санатындағы медициналық қалдықтар салынған 15 қорабшаның табылуына байланысты жүргізген тексеруі барысында тасымалдаушы бұл қорапшаларды жоғалтып алғандығы белгілі болды, олар тасымалдаушының көлігінен түсіп қалған".

"Инфекциялардың таралуына жол бермеу үшін тиісті шаралар жасалынып, барлық медициналық қалдықтар жойылды",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Осы шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тұрғындарға төнген еш қауіп жоқ, деп атап өтті МСЭҚКД.

Бұрын хабарлағанымыздай, "28-маусым күні сағат 08.40 Қызылорда Павлодар тасжолының 463-ші шақырымындағы Теректі станциясынан "Биоотходы. Оперблок. Чрезвычайно опасные" деген жазуы бар қолданылған шприцтер, системалар мен ампулалар салынған 15 қорабша табылды", деп көрсетілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны