26.01.2007, 11:25 2664

Қарағанды облысындағы тұрғын үйде болған өрт салдарынан екі адам қаза тауып, бір адам ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. 26-қаңтар. Kazakhstan Today. Қарағанды облысындағы тұрғын үйде болған өрт салдарынан екі адам қаза тауып, 1-2 дәрежелі күйік алған бір адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады. 
 
Ведмоства ақпараттарына сүйенсек, өрт Қарағандының Октябрь ауданында, 25-қаңтар күні 5 сағат 14 минутта басталған. 200 шаршы метр ауданды шарпыған тілсіз жауды сөндіру барысында 60 жасар әйел мен 13 жасар қыздың денелері табылды. Сондай-ақ, 1-2 дәрежелі күйік алған 60 жасар еркек ауруханаға жеткізілді. 
 
Өрт 7 сағат 16 минутта сөндірілді. 7 сағат 55 минуттағы жағдай бойынша өрт Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің күшімен, яғни жеке құрамның 23 қызметкері мен 5 техника құралдырымен сөндірілді. 
     
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны